Жиі қойылатын сұрақтар

Мұғалімді кәсіптік міндетіне жатпайтын жұмыс түрлеріне тарту, педагогтан есеп беру немесе педагогтың қызметтік міндеттеріне жатпайтын мәліметтерді талап ету фактілері бойынша өтініш түскен кезде аумақтық Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері құқық бұзушылық жасағаны үшін жоспардан тыс тексеру жүргізуді тіркеп, білім беру ұйымына бару немесе барусыз тексеріс жүргізеді.

2020 жылғы 31 наурыздағы «Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің тиісті бірлескен бұйрығы бар.

Осылайша, мұғалім тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаментке жүгіне алады.