Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мекен-жай: |
Орал қаласы, 090000, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 215 Б, каб. 302
|
Телефон Қабылдау бөлмесі: |
87112510528
|
Call-орталық |
87112513879, 87757942859 |
Электрондық пошта: |
|