Мемлекеттік аттестаттауға дайындық шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті

Мемлекеттік аттестаттауға дайындық шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті


Ағымдағы жылдың 4 маусымында Департамент басшысы З. Ғұмарова маусым, шілде және қазан айларында мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтетін білім беру ұйымдарының қатысуымен мемлекеттік аттестаттауға дайындық шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске білім басқармасы басшысының орынбасары Л. Батырғалиева, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Департамент басшысы З. Ғұмарова әрбір білім беру ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты ұстанып, қолдауына, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттаудың оң қорытындысына қол жеткізу мақсатында қаржы жинауға жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударды.