"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылуы туралы

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылуы туралы

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске қосып, жүзеге асыруда. Бұл жоба – білім беру жүйесін сапалы өзгерістерге бастайтын маңызды қадамдардың бірі. Батыс Қазақстан облысында 8100 орындық 9 мектеп аталған жоба аясында салынуда. Аталған мектептер оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған. Қазіргі таңда соның үшеуі пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген үш мектептің екеуі қалада орналасқан, біреуі ауылда.
«Жайлы мектеп» – бұл жай ғана жаңа мектептердің құрылысы емес, бұл – балаларымыздың болашағына, олардың білім алуына, қауіпсіздігі мен амандығына жасалған инвестиция. Жаңа стандарт бойынша салынған мектептер заманауи жиһазбен, зертханалармен, спорт және акт залдарымен жабдықталып, инклюзивті білім беру мен оқу үдерісін цифрландыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Жайлы мектеп - материалдық-техникалық базаны жақсартып қана қоймайды, сондай-ақ балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.
«Жайлы мектеп» жобасы – әрбір баланың сапалы мектепте білім алуға құқығы бар деген қағиданы жүзеге асыруға ықпыл ететін тетіктердің бірі.