АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА! Жеке мектептердің лицензиясы туралы

АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!   Жеке мектептердің лицензиясы туралы

Құрметті ата-аналар!
Балаларыңызды жеке меншік мектепке бермес бұрын келесі маңызды жайттарды ескерулеріңіз қажет:

Маңызды!
— «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес, білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар міндетті түрде лицензия алуы тиіс;
— Лицензиясы жоқ мектептің қызметі заңсыз болып табылады;
— Мұндай мектептер анықтама, табель, аттестат сынды ресми құжаттарды беруге құқылы емес;
— Егер лицензиясыз мектеп қандай да бір құжат берген болса, ол заңсыз болып саналады. Бұл жағдайда балаңыздың болашақта колледжге немесе жоғары оқу орнына түсуіне кедергі келуі мүмкін.