Атырау облысы Мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Атырау облысы аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн мемлекеттiк реттеу функцияларын атқаруға уәкiлеттi, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган болып табылады.
Басқарма өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, сонымен қатар Атырау облысы әкiмияты мен әкiмiнiң актiлерiн және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi басшылыққа алады.
Басқарма лицензиялау, аттестаттау және мемлекеттік сәулет-құрылы инспекциясы бөлімнен тұрады.
Басқарманың штат саны — 10 бiрлiк.
Басқарма негiзгi мiндеттерi: құрылыстың технологиялық процесiнiң белгiленген мемлекеттiк нормативтерiнен ауытқушылықтарға, стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтiн құрылыс материалдарын (бұйымдарды, құрастырмаларды және жабдықтарды) қолдануға жол бермеу; жобалау құжаттамасында (жобалау-сметалық) бекiтiлген жобалық шешiмдерден, құрылыстың қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдардың, құрастырмалардың) көлемдерiнен, инженерлiк және технологиялық жабдықтан ауытқушылықтарды болдырмау; тапсырысшы (меншiк иесi) және (немесе) мердiгер (бас мердiгер) жүзеге асыратын атқарушылық-техникалық құжаттаманың тиiсiнше жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi бақылау; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн лицензиялауды жүзеге асыру.
Мекен-жайы | Атырау обл, Атырау қ, Әбілқайыр хан даңғылы 79 |
Есептеу шоты, БСН | 150240010886 |
Жұмыс тәртібі | 09:00 -13:00, 14:30 – 18:30 |
Байланыс телефондары | 52-45-41 |
Электронды пошта адресі | ugask@atyrau.gov.kz; |
Жедел телефон желісінің нөмірі | 8(7122) 52-45-41 |
Онлайн қабылдау
Бұл бөлімде сұрақтарыңызды талқылау және мәселелерді шешу үшін сізге жедел байланысуға мүмкіндік беретін ақпарат пен сервистер жинақталған