«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2022 жылғы қызметі туралы есебі
«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма), Атырау облысы, Атырау қаласы, М.Баймұханов көшесі, 16Б.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Басқарма 5 (бес) қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: 2 (екі) мемлекеттік қызмет ақысыз, 3 (үш) мемлекеттік қызмет ақылы.
Басқармамен 2022 жылдың қорытындысы бойынша барлығы - 705 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:
Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 705.
Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 447;
ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны - 258.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «мемлекеттік органдардың интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы» (www.gov.kz) cайтында және Басқарманың «facebook», «Instagram» әлеуметтік желілерінде орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуде «Caspian news» арнасында «Елге қызмет» бағдарламасында тікелей эфир ұйымдарстырылды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Е-лицензиялау Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу аясында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қызметкерлері түсінік жұмыстарын жүргізіп, орындалған жұмыстар туралы хаттамалар мен сауалнамалар толтырды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді, сонымен қатар қазіргі кезде Басқармамен көрсетілетін барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық нысанда толықтай автоматтандырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында 2022 жылғы 17-21 қазан аралығында Басқарманың бөлім басшысы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
Шағымдар болған жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Атырау облысы әкімі аппаратына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрғасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша есеп тоқсан сайын жолданып отыр.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін ұйымдастыру бөлімі 2022 жылдың 10 айы бойынша, 2022 жылы 21-25 қараша аралығында Облысы әкімінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №146-НҚ «Атырау облысы әкімі аппараты басшысының «2022 жылға арналған ішкі бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бақылау іс-шарасын жүргізді.
Жүргізілген бақылау іс-шарасының нәтижесіне сәйкес мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағида талаптарына сәйкес жүзеге асыру және әлеуметтік желілер және тағы басқа арқылы көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жандандыру туралы ұсынымдар берілді.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг жүргізілген жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.