Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат
«Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
«Іздестіру қызметіне лицензия беру»;
«Жобалау қызметіне лицензия беру»;
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау»;
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды
басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу».
«Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Жобалау қызметіне лицензия беру» және «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап:
1) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, қайта ресімдеу - 5 жұмыс күні;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеу кезінде - 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі.
Лицензияны беру және қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:
1) лицензия беру үшін - 10 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі «Сәулет, қала салу және құрылыс қызметінде лицензия беру саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 1 сәуірдегі №175 бұйрығымен» бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағымен анықталған.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) аттестатты беру - 15 жұмыс күні;
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгерген кезде, қағаз аттестатын электрондық аттестатқа қолдану мерзімі көрсетілмей ауыстырған кезде - 3 жұмыс күні.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы №114 бұйрығымен» бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері 20-40 минут.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны электрондық (толық автоматтандырылған).
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі «сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы №733 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағымен анықталған.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайы: Атырау қаласы, Баймуханов көшесі, 16Б
Көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8(7122)512877,524541
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414.