GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Агенттік туралы
Баспасөз ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Қаржы нарықтары
Онлайн қабылдау
Кадрлық тағайындаулар
Сақтандыру секторы
Өзге қаржы ұйымдары
Все материалы
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Қазақстан банктеріне жаңа талаптар қойылды: бұл кімдерге әсер етеді
23 октября 2026

Қазақстан банктеріне жеке тиімділік көрсеткіштері белгіленді. Енді қаржы реттеушісі банктердің азаматтар шағымына қаншалықты жылдам жауап беретінін ғана емес, қанша қарыз алушыға нақты көмек көрсетілгенін және олардың төлем тәртібі қалпына келгенін де бағалайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төраға Мәдина Әбілқасымованың жетекшілігімен өткен кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады.

Жаңа талаптар еліміздегі барлық банкке қатысты. Әр қаржы ұйымы үшін жеке сандық және сапалық көрсеткіштер бекітілді. Агенттік олардың орындалуын ай сайын тексеріп отырады.

Банктер енді клиент мәселесінің нақты шешілгенін дәлелдеуі тиіс

Бұдан былай азаматтың өтінішіне жауап хат жолдау жеткіліксіз болады. Реттеуші үшін банк қабылдаған шаралардың нақты нәтижесі маңызды.

Банктердің жұмысы үш бағыт бойынша бағаланады:

  • Клиенттердің шағымдары. Өтініштердің уақытылы әрі толық қаралуы, қайталанған және негізді шағымдар санының азаюы.
  • Проблемалық несиелер. Қарызды өтеуде қиындық туындаған несиелер санын қысқарту.
  • Қарыз алушыларға көмек. Қолдау алған азаматтардың саны, берешекті реттеу нәтижесі және төлем тәртібінің қалпына келуі.

Қарыз алушылар үшін бұл өзгерістің мәні зор. Банк өтінішті қарап қана қоймай, мәселені шешу үшін қандай шара қабылдағанын және оның нәтижесін де көрсетуге тиіс.

Алайда агенттіктің жариялаған ақпаратында әр банкке белгіленген нақты мақсатты көрсеткіштер әзірге ашып көрсетілмеген.

Мәдина Әбілқасымова банктерден құр жауап емес, нақты шешім талап етті

Кеңес барысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 1 шілдеден бастап мінез-құлықтық қадағалау жүйесіне көшкенін еске салды.

Бұл тәсіл қаржы ұйымдарының клиентпен қарым-қатынасын қызмет көрсетудің барлық кезеңінде бақылауды көздейді. Әсіресе несие төлеуде қиындыққа тап болған азаматтарға қалай көмектесілетіні назарға алынады.

«Біз үшін қаржы ұйымдарының қаржы өнімін ұсынудың барлық кезеңінде қарыз алушылармен қалай жұмыс істейтіні, қаржы өнімдерінің шарттары қаншалықты әділ екені және азамат несиесін өтеуде қиындыққа тап болған кезде қандай көмек алатыны қағидатты түрде маңызды», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік төрағасы мерзімі өткен берешекті реттеу және қаржылық алаяқтықтан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау негізгі басымдықтардың қатарында екенін айтты.

Демек, реттеушінің назарында тек төленбеген несиелер ғана емес, банктердің клиент мәселесіне қалай қарайтыны да болады.

Бірнеше банкте несиесі бар азаматтардың қарызы бірлесіп реттеледі

Агенттік FinKelisim платформасына ерекше көңіл бөлмек. Бұл жүйе азаматтардың бірнеше кредитор алдындағы берешегін бірлесіп реттеуге арналған.

Мәселен, адамның бірнеше қаржы ұйымында несиесі болса, оның қарыз мәселесін әр банкпен жеке-жеке қараумен шектелмей, барлық міндеттемесін бірге есепке ала отырып реттеу мүмкіндігі қарастырылады.

Бұған дейін біз FinKelisim платформасының мүмкіндіктері және бірнеше несиені бірлесіп реттеу тетігі туралы жазған едік.

Енді осындай келісімдердің нәтижелілігі банктердің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштердің біріне айналады.

Дегенмен берешекті бірлесіп қарау несиенің автоматты түрде кешірілетінін немесе банк қарыз шарттарын міндетті түрде өзгертетінін білдірмейді.

Әр банктің нәтижесі ай сайын тексеріледі

Жаңа талаптардың орындалуын бақылау үшін Агенттік жедел штаб құрады.

Штаб азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру, проблемалық несиелерді азайту, берешекті реттеу және қаржы омбудсманының жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.

Банктерге белгіленген көрсеткіштердің орындалуы ай сайын бақылауға алынады.

Бұл қаржы ұйымдарының қызметі бір реттік тексерумен шектелмейтінін білдіреді. Реттеуші әр банктің белгіленген міндеттерді қалай орындап жатқанын тұрақты түрде бағалайды.

Банктер үшін клиенттерге қызмет көрсету сапасы мен проблемалық берешекті реттейтін бөлімдердің жұмысы бұрынғыдан да маңызды болмақ.

Өйткені олардың нәтижесі қаржы ұйымына белгіленген жеке көрсеткіштердің орындалуына тікелей әсер етеді.

FinOtinish арқылы шағымдар мен омбудсман шешімдері бақыланады

Тағы бір өзгеріс азаматтардың өтініштерін қарау жүйесін цифрландыруға қатысты.

Қазақстанда FinOtinish цифрлық платформасы іске қосылуға дайындалып жатыр. Жүйе азаматтардың өтініштерін қабылдауға, қарау барысын сүйемелдеуге, қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.

Платформа қаржы омбудсманының жұмысын ұйымдастыру үшін пайдаланылмақ.

Оның көмегімен өтініштің қаралу барысын және қабылданған шешімнің орындалуын қадағалау көзделіп отыр.

Алайда Агенттік FinOtinish платформасының толыққанды іске қосылатын нақты мерзімін жариялаған жоқ.

Бұған дейін біз Қазақстанда қаржы омбудсманы қызметін ұйымдастыруға қатысты өзгерістер туралы да жазған едік. Бұл бағыттағы шаралар азаматтар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды сотқа жеткізбей шешу тетіктерін жетілдіруге арналған.

Банктер үшін басты өлшем – шешілген мәселенің саны

Жаңа талаптардың қаншалықты тиімді болатыны олардың іс жүзінде орындалуына байланысты.

Агенттік банктердің шағымдарды азайтуына, қарыз алушыларға көрсеткен көмегіне және проблемалық берешекті реттеу нәтижесіне ай сайын баға бермек.

Әзірге басты сұрақ ашық қалып отыр: банктер азаматтардың негізді шағымдарын қаншалықты тез азайтып, төлем мерзімін өткізіп алған қарыз алушыларға нақты көмек көрсете алады?

Бұл жолы әр банк өзіне жеке белгіленген көрсеткіштер бойынша жауап береді.

Дереккөз: Dknews.kz

Қазақстан мен IOSCO кездесуінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды
23 октября 2026

Қазақстан капитал нарығын реформалауға дайындалып жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова IOSCO бас хатшысы Родриго Буэнавентурамен кездесіп, жоспарланған өзгерістерді талқылады, деп хабарлайды агенттік.

Кездесу Таиландтың Бангкок қаласында Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк тобының жыл сайынғы кездесулері аясында өтті. Келіссөздердің басты тақырыптары нарық инфрақұрылымын жетілдіру, ашықтықты арттыру және инвесторлардың құқықтарын қорғау болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Капитал нарығына арналған жаңа бағдарлама

Тараптар Қазақстанның капитал нарығын дамыту перспективаларын, заңнаманы жетілдіруді және халықаралық реттеу стандарттарын енгізу жөніндегі ынтымақтастықты талқылады. Кездесу барысында отандық қор нарығын дамытудың негізгі нәтижелері мен алдағы жылдарға арналған басым міндеттер таныстырылды.

2026–2030 жылдарға арналған Капитал нарығын дамыту бағдарламасының жобасына және «Капитал нарығы туралы» жаңа заң жобасына ерекше назар аударылды. Бұл құжаттарда нарық инфрақұрылымын жетілдіру, оның ашықтығын арттыру және инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту көзделген.

Токендендірілген құралдарды қалай реттемек?

Кездесуде цифрлық қаржы активтерін, оның ішінде токендендірілген құралдарды реттеу тәсілдері де қарастырылды. Негізгі қағидат — қолданылатын технологияға қарамастан, қызмет түрлері мен тәуекелдері ұқсас салаларға бірыңғай тәсіл қолдану.

Бұл ұстаным реттеу талаптарын технологияның ерекшелігіне ғана емес, қызметтің сипаты мен тәуекелдеріне қарай белгілеуді көздейді.

Халықаралық стандарттар мен инвесторлар сенімі

Тараптар Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымымен (IOSCO) ынтымақтастықты жалғастырып, тәжірибе алмасудың маңызын атап өтті. Бұл жұмыс реттеу мен қадағалау жүйесін жетілдіруге, инвесторлардың сенімін арттыруға және Қазақстанның капитал нарығын орнықты дамытуға бағытталған.

Бұған дейін біз Қазақстанның қор нарығын жаңғыртуға арналған 35 бастама туралы жазған едік. Олар Капитал нарығын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасына енгізілген.

Дереккөз: Dknews.kz

Ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі ұзартылды
13 октября 2026

Бағдарлама валюталық ипотека алып, оны өтей алмаған азаматтарды қолдау үшін 2015 жылы қабылданған болатын.  
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімі тағы бір жылға ұзарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кейін бағдарлама талаптары бірнеше рет өзгерді. Қазір халықтың әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде мүгедектігі бар адамдарға басымдық беріледі.

Бағдарлама аясында валюталық ипотекалық қарыздар теңгеге айырбасталып, жылдық 3 пайызбен қайта қаржыландырылады. Ал әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың қарызы ішінара немесе толық есептен шығарылуы мүмкін.

Сондай-ақ банктер өндіріп алған жалғыз баспананы қайтару тетігі қарастырылған. Бұдан бөлек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың кредиттік жүктемесін азайтуға бағытталған шараларды қолға алды. Енді қарызын қайтара алмай жүрген және кредиттік тәуекелі жоғары азаматтарға жаңа несие беруге шектеулер қойылды.

– Осы жылдар ішінде бағдарламаға бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Бастапқыда ол 2020 жылға дейін жұмыс істеуі керек еді. Алайда биыл біз оның мерзімін тағы да ұзарту туралы шешім қабылдадық. Себебі бағдарлама талаптарына сәйкес қолдауды қажет ететін азаматтардың барлығы әлі толық қамтылған жоқ. Ең алдымен, бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған, – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.

Коллекторлық агенттіктердің заңсыз әрекеттеріне қатысты шағымның көбеюіне байланысты олардың қызметіне қойылатын талаптар күшейеді.

Агенттік төрағасы Мадина Әбілқасымованың айтуынша, азаматтарға қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алатын кейбір коллекторлық агенттіктердің нарықтағы қызметі тоқтатылуы мүмкін.

Сонымен қатар, реттеуші ломбардтардың жұмысын да зерделеп жатыр. Бұған аталған ұйымдардың қызметіне жүгінетін клиенттер санының артуы себеп болған. Қазіргі уақытта агенттік ломбардтардың қызметіне талдау жүргізуде. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

Шілде айында азаматтардың бірнеше қаржы ұйымындағы берешегін бірыңғай төлем кестесі арқылы реттеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды.

Жаңашылдық мұнымен бітпейді. 1 қаңтардан бастап бірыңғай қаржы омбудсменінің кеңсесі жұмысын бастайды. "ФинӨтініш" платформасы арқылы азаматтардың қаржы ұйымдарына жолдаған өтініштерінің қаралу сапасы бақыланады.

 

Дереккөз: Inbusiness.kz

График приема граждан
24 сентября 2026

ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін 2026 жылғы төртінші тоқсанда қабылдау кестесі

Агенттік басшылығының Т.А.Ә. Лауазымы Қабылдау күні    Жеке қабылдау     өткізу уақыты
Абілқасымова М.Е. Агенттік Төрайымы
2026 жылғы 29 қазан
2026 жылғы 26 қараша
2026 жылғы 24 желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
Абілқасымов Т.Б. Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары
2026 жылғы 22 қазан
2026 жылғы 31 желтоқсан
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
Қизатов О.Т. Агенттік Төрағасының орынбасары
2026 жылғы 1 қазан
2026 жылғы 5 қараша
2026 жылғы 3 желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
Сәлімбаев Д.Н. Агенттік Төрағасының орынбасары
2026 жылғы 15 қазан
2026 жылғы 19 қараша
2026 жылғы 17 желтоқсан
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
Тұрсынханов Н.А. Агенттік Төрағасының орынбасары
2026 жылғы 8 қазан
2026 жылғы 12 қараша
2026 жылғы 10 желтоқсан
сағат 10:00-нан 12:00-ге дейін
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін
Исмағұлова Ж.Ж.  Агенттік Аппаратының                      Басшысы 
Әр айдың бірінші жұмасы
сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Өңірлік өкілдер басқармалары басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдаудың 2026 жылғы төртінші тоқсанға  арналған кестесі

№ р/с

Қабылдау жүргізетін тұлғаның аты-жөні

Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен уақыты

Басқарманың орналасқан жері

  Байланыс телефоны, электрондық пошта

1.

Темірболатова С.Р.

Жақсылықова Г.Ж.

Астана қаласындағы ӨӨБ бастығы

Астана қаласындағы ӨӨБ бастығының орынбасары

Апта сайын, сәрсенбі

11:00-12:00

Астана қ., Мәңгілік Ел даңғ., 57А

+7 (7172) 278-389

Saltanat.Temirbulatova@finreg.kz

+7 (7172) 672-167

Gaukhar.Zhaxylykova@finreg.kz
2.

Өміржанов А.Б.

Толымбеков Г.К.

Алматы  қаласындағы ӨӨБ бастығы

Алматы  қаласындағы ӨӨБ бастығының орынбасары

Апта сайын, сәрсенбі

10:00-17:00

Алматы қ.,

Көктем-3 ш/а., 21-үй

+7 (727) 237-1334

Almat.Omirzhanov@finreg.kz

+7 (727) 237-1412

Gani.Tolymbekov@finreg.kz 
3.

Нұртас Б.М.

Ақтау қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Айдың екінші сейсенбісі

11:00-12:00

 

Ақтау қ.,

23-шағын  ауданы

+7 (7292) 709-553

Nurtas.Mashanov@finreg.kz

4.

Ахвердиев Н.Д.

Ақтөбе қаласындағы

ӨӨБ бастығының міндетін атқарушы

 

Айдың екінші жұмасы

10:00-11:00

 

Ақтөбе қ.,

Асау-Барақ көш., 45

+7 (7132) 703-838

Nizami.Akhverdiyev@finreg.kz

5.

Қабесов А.Ш.

Атырау қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Айдың үшінші бейсенбісі 10:00-12:00

 

Атырау қ.,

Уәлиханов көш., 2а

+7 (7122) 558-273

Aslanbek.Kabessov@finreg.kz

6.

Тәукенов С.А.

Жезқазған қаласындағы ӨӨБ бастығы

 

Айдың екінші және төртінші сейсенбісі

11:00-12:00

Жезқазған қ.,

Алашахан даңғ., 30А

+7 (7102) 995-086

Serzhan.Taukenov@finreg.kz

7.

Мәметқұлов Ж.О.

Қарағанды қаласындағы ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, сәрсенбі

15:00-16:00

 

Қарағанды қ.,

Бұқар Жырау даңғ., 19

+7 (7212) 502-293

Zhanibek.Mametkulov@finreg.kz 

8.

Омарова Г.М.

Көкшетау қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Айдың бірінші сейсенбісі

15:00-16:00

 

Көкшетау қ., Әуезов көш., 214

+7 (7162) 722-140

Gulnara.Omarova@finreg.kz

9.

Қуанышбаев А.А.

Қостанай қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Айдың екінші және төртінші сәрсенбісі 

15:00-17:00

 

Қостанай қ.,

Баймағамбетов көш., 195

+7 (7142) 390-165

Aset.Kuanyshbaev@finreg.kz

10.

Құлжабек Ж.Б.

Қонаев қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, бейсенбі

10:00:12:00

 

Қонаев қ.,

Достық көш., 1

+7 (7277) 277-115

Zhandos.Qulzhabek@finreg.kz

11.

Темірова Л.Б.

Қызылорда қаласындағы ӨӨБ бастығы

 

Айдың бірінші сейсенбісі

16:00-17:00

Қызылорда қ.,

Б. Асқар көш., 30

+7 (7242) 551-541

Lyazzat.Temirova@finreg.kz

12.

Нұрмахин Т.М.

Павлодар қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, сәрсенбі

11:00:12:00

 

Павлодар қ.,

Академик Сәтбаев көш., 44

+7 (7182) 650-225

Tolkyn.Nurmahin@finreg.kz

13.

Тлеубаева Д.А.

Петропавл қаласындағы ӨӨБ бастығы

 

Айдың екінші және

төртінші сейсенбісі 

16:00-17:00

Петропавл қ.,

Қазақстан Конституциясы көш., 6

+7 (7152) 555-269

Dina.Tleubayeva@finreg.kz

14.

Мұсабаев И.Б.

Семей қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, сейсенбі

 10:00 - 12:00

 

Семей қ.,

Абай алаңы, 5

+7 (7222) 600-434

Ilyas.Mussabayev@finreg.kz

15.

Есболов М.Б.

Талдықорған қаласындағы ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, сейсенбі

 10:00 - 12:00

 

Талдықорған қ.,

М. Төлебаев көш., 58/64

+7 (7282) 401-565

Maxat.Yesbolov@finreg.kz

16.

Төлепбергенов Д.А.

Тараз қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, сәрсенбі

12:00-13:00

 

Тараз қ.,

Қазыбек би көш., 137

+7 (7262) 999-218

Dauren.Tulepbergenov@finreg.kz

17.

Байдуанов С.С.

Түркістан қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Айдың екінші сәрсенбісі

11:00-13:00

 

Түркістан қ.,

Жаңа Қала шағын ауданы, 11-көше, № 36 жер учаскесі

+7 (7253) 358-310

Samat.Baiduanov@finreg.kz

18.

Агедилова А.Е.

Орал қаласындағы

 ӨӨБ бастығы

 

Айдың бірінші сейсенбісі

15:00-16:00

 

Орал қ.,

Ж. Досмұхамедов көш., 16/1

+7 (7112) 554-293

Assel.Agedilova@finreg.kz

19.

Зуев В.М.

Өскемен қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, сейсенбі  

10:00-13:00

 

Өскемен қ.,

Қазақстан көш., 3

+7 (7232) 700-345

Vladimir.Zuyev@finreg.kz

20.

Қалназаров А.М.

Шымкент қаласындағы

ӨӨБ бастығы

 

Апта сайын, бейсенбі 

09:00-12:00

 

Шымкент қ.,

Төреқұлов көш., 2

+7 (7252) 997-946

Abilgazy.Kalnazarov@finreg.kz

 

Бүкіл банктің қызметі бір қосымшаға біріктірілуі мүмкін
17 сентября 2026

Қазақстанда қаржылық қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін Open Finance жүйесіне көшу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit 2026 форумында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

Қазір банктердің, сақтандыру компанияларының, микроқаржы ұйымдары мен инвестициялық компаниялардың жеке сайттары мен мобильді қосымшалары бар. Клиент әр қызметті бөлек іздеп, бірнеше платформаны пайдалануға мәжбүр.

Open Finance іске қосылса, бұл модель өзгеруі мүмкін.

Жоспар бойынша, бір платформада немесе бір қосымшада:

  • банктердің несиелері мен депозиттері;

  • сақтандыру өнімдері;

  • инвестициялық құралдар;

  • микроқаржы ұйымдарының өнімдері бір жерден көрсетіледі.

Мысалы, азамат несие алғысы келсе, әр банктің қосымшасына жеке кірмей, бір платформадан бірнеше ұсынысты салыстыра алады. Сол сияқты сақтандыру немесе инвестициялық өнімдерді де бір жерден таңдау мүмкіндігі пайда болады.

Банктер клиент үшін бәсекелеседі

Әбілқасымованың айтуынша, Open Finance қаржы нарығындағы бәсекені де өзгертуі тиіс.

Қазір қаржы ұйымдары көбіне өз өнімдері мен платформаларын дамытуға басымдық береді. Ал жаңа модельде негізгі назар клиентке ауысады.

Яғни компаниялар «өз өнімін қалай сатамыз?» дегеннен гөрі, «клиентке қандай өнім керек?» деген принципке көбірек мән беруі тиіс.

Қазақстанда сақтандыру нарығы цифрландыру бойынша артта қалып отыр

Қаржы реттеушісінің басшысы қазір Қазақстандағы қаржы нарығының сегменттері бір-бірінен бөлек дамып жатқанын атап өтті.

Соның ішінде сақтандыру нарығы цифрландыру деңгейі бойынша ең артта қалған сегменттердің бірі.

Open Finance осы алшақтықты азайтып, қаржы өнімдерін бір экожүйеге біріктіруге мүмкіндік беруі керек.

Open Banking-нен Open Finance-ке

Қазақстан бұған дейін Open Banking тұжырымдамасын дамытуға кіріскен. Оның негізгі идеясы – клиенттің келісімімен банк деректері мен қызметтерін басқа қаржы сервистерімен байланыстыру.

Ал Open Finance бұдан кеңірек болады. Оның аясында тек банктер ғана емес, сақтандыру, инвестиция және микроқаржы секторлары да бір жүйеге қосылуы мүмкін.

Нәтижесінде қазақстандықтар үшін қаржы өнімдерін іздеу, салыстыру және таңдау әлдеқайда жеңілдеуі мүмкін.

Бірақ бұл үшін барлық қаржы ұйымдарының жүйелері бір-бірімен үйлесуі, ал клиенттердің деректері қауіпсіз қорғалуы маңызды.

Дереккөз: Naryk.kz

Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару
Қазақстан қор нарығында үлкен реформа дайындап жатыр: 2030 жылға дейін не өзгереді
03 сентября 2026

Бизнеске банктерге балама қаржы көзі ұсынылмақ. Қазақстан капитал нарығын ауқымды реформалауға дайындалып жатыр: компаниялардың акциялар мен облигациялар шығаруын жеңілдету, инвесторлардың құқықтарын күшейту және қазақстандық бағалы қағаздарды шетелдік капитал үшін қолжетімді ету жоспарланған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматыда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасының негізгі ережелері мен басты бағыттары талқыланды. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен және нарық қатысушыларымен бірлесіп әзірледі. Бұл туралы қаржы реттеушісі ресми хабарламасында мәлімдеді.

Бағдарлама жеті стратегиялық бағыт пен 35 бастаманы қамтиды. Оның ауқымы биржадағы сауда-саттықпен ғана шектелмейді. Негізгі мақсаттардың бірі — қор нарығын қазақстандық компаниялар үшін банктік кредиттеумен қатар ұзақ мерзімді қаржы тартудың толыққанды көзіне айналдыру.

Акциялар нарығы бес жылда екі еседен астам өсті

Агенттік дерегінше, соңғы бес жылда қазақстандық акциялар нарығын капиталдандыру 19,1 трлн теңгеден 41,8 трлн теңгеге дейін өсті.

Борыштық бағалы қағаздар нарығы да іс жүзінде екі есеге ұлғайып, 32 трлн теңгеден 58 трлн теңгеге жетті. Корпоративтік борыш көлемі 24 трлн теңгені құрады.

Бірақ нарық көлемінің өсуі компаниялардың биржаны қаржыландыру көзі ретінде толық пайдаланып отырғанын білдірмейді.

KASE қатысқан капитал нарығының болашағына арналған бұған дейінгі талқылауда да нарық өтімділігінің төмендігі, институционалдық инвесторлар санының шектеулілігі және халықтың инвестициялық сауаттылығының жеткіліксіздігі негізгі мәселелердің қатарында аталған еді. Бұл жөнінде Қазақстан қор биржасының ресми материалында жазылған.

Сондықтан жаңа бағдарламаның міндеті капиталдандыру көрсеткішін жай ғана өсіру емес. Нарыққа жаңа компанияларды шығару және олар үшін нақты қаржы тарту мүмкіндігін кеңейту көзделіп отыр.

«Агенттікке Ұлттық Банкпен бірлесіп Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу және Капитал нарығы туралы жаңа заң дайындау тапсырылды. Аталған бастамаларды іске асыру қор нарығының заманауи архитектурасын қалыптастыруға, сондай-ақ банктерді кредиттеумен қатар экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі ретінде қор нарығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Бұл ретте бағалы қағаздардың дамыған нарығы қаржыландыру көздерін әртараптандырудың, макроэкономикалық орнықтылықты нығайтудың және инвесторлардың сенімін арттырудың маңызды факторы болып табылады», — деп атап өтті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Компаниялардың биржаға шығуын жеңілдетпек

Реформаның ең маңызды бөліктерінің бірі бизнеске тікелей қатысты.

Компаниялардың бағалы қағаздар шығару рәсімдерін жылдамдатып, қарапайым ету жоспарланған. Соның ішінде шығарылымды тіркеуді Орталық депозитарийге беру және процесті цифрлық форматқа көшіру қарастырылып отыр.

Реттеуші шағын және орта бизнестің акциялар нарығына шығуын қолдау шараларын да жеке қарастырып отыр. 35 бастаманың мазмұны мен компанияларға қатысты жоспарлар Агенттіктің Капитал нарығын дамыту бағдарламасына арналған түсіндірмесінде жарияланған.

Орта бизнес үшін бағалы қағаздарды орналастырудың неғұрлым икемді шарттарын енгізу көзделеді.

Мақсат — әкімшілік және реттеушілік кедергілерді азайтып, қор нарығы арқылы қаржы тарта алатын компаниялардың санын көбейту.

Кәсіпкерлер үшін мұның практикалық маңызы бар. Компаниялар ұзақ мерзімді ақша қажет болған кезде тек банк кредитіне, пайыздық мөлшерлемеге және кепіл талаптарына тәуелді болмай, облигациялар шығару немесе акциялар орналастыру арқылы инвесторлардан капитал тартуға мүмкіндік алады.

Зейнетақы активтерінің рөлі күшеюі мүмкін

Бағдарламада институционалдық инвесторлардың рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген.

Мұндай инвесторлар қазақстандық компаниялардың акциялары мен облигацияларына тұрақты әрі ұзақ мерзімді сұраныс қалыптастыра алады.

Осы бағытта зейнетақы активтерін басқару тәсілдерін жетілдіру және қаржы ұйымдарының қаражатын ішкі нарық құралдарына инвестициялау мүмкіндіктерін кеңейту қарастырылып жатыр.

Бұл — қор нарығы үшін шешуші мәселелердің бірі.

Жеке инвесторлар санының өсуі нарыққа қосымша белсенділік береді. Бірақ ірі және тұрақты сұранысты зейнетақы активтері, сақтандыру ұйымдары және басқа да институционалдық инвесторлар қалыптастыра алады.

Егер олардың ішкі нарықтағы белсенділігі артса, қазақстандық компаниялар акциялар мен облигациялар шығарған кезде әлеуетті сатып алушылар базасы да кеңейеді.

KASE-де жабық қысқа сатылымдарға жол ашылмақ

Бағдарламаның тағы бір бөлігі акциялардың қайталама нарығындағы өтімділікке арналған.

Оны арттыру үшін бағалы қағаздарды қарызға алудың орталықтандырылған тетігін құру жоспарланған.

Осы жүйе арқылы институционалдық инвесторлар уақытша пайдаланылмай тұрған бағалы қағаздарын нарықтағы басқа операциялар үшін бере алады.

Оның негізінде Қазақстанда жабық қысқа сатылымдарға рұқсат беру жоспарланып отыр.

Мұндай операция кезінде инвестор алдын ала қарызға алған акцияны сатады. Егер қағаз бағасы кейін төмендесе, оны арзанырақ сатып алып, қарызды қайтарады.

Бағдарламада маркет-мейкерлердің рөлін күшейту және эмитенттер бойынша тәуелсіз талдауды қолдау да қарастырылған.

Жеке инвестор үшін басты нәтиже өтімділіктен байқалады: бағалы қағаз бойынша сатып алушылар мен сатушылар көбейген сайын оны қажетті уақытта сатып алу немесе сату жеңілдейді.

Қазақстандық акцияларды халықаралық жүйелерге қоспақ

Реформаның ең қызықты бағыттарының бірі шетелдік инвесторларға қатысты.

Қазақстандық акцияларды ірі халықаралық сақтау және есеп айырысу жүйелеріне қосу жоспарланып отыр.

Соның арқасында шетелдік инвесторлар қазақстандық бағалы қағаздарды өздеріне таныс халықаралық инфрақұрылым арқылы сатып алып, сақтай алады.

Бұл транзакциялық шығындарды төмендетіп, Қазақстан нарығына кіре алатын инвесторлардың санын көбейтуі тиіс.

Қазақстан халықаралық капиталға шығу бағытын қазірдің өзінде күшейтіп келеді. 2026 жылғы сәуірде KASE Нью-Йоркте халықаралық инвесторларға Қазақстанның капитал нарығын таныстырды. Кездесуде өтімділікті арттыру, инвесторлар базасын кеңейту және жаһандық нарықтармен интеграцияны тереңдету алдағы реформалардың негізгі міндеттері ретінде аталды. Толығырақ KASE-нің Нью-Йорктегі кездесуге арналған материалынан оқуға болады.

Қазақстандық компаниялар үшін халықаралық жүйелерге қосылу шетелдік капиталға жолды қысқартуы мүмкін.

Бірақ халықаралық инвесторлармен бірге талап та күшейеді. Компаниялардың есептілігі түсінікті, корпоративтік басқаруы сапалы, ал миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғау тетіктері сенімді болуы қажет.

Миноритарлық инвесторлардың құқықтарын күшейтеді

Бағдарламаның жеке бағыты корпоративтік басқару сапасын арттыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға арналған.

Жария компаниялардың қызметін ашық ету, корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды күшейту және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғау жоспарланған.

«Корпоративтік басқару сапасын арттыруға және инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылатын болады. Жария компаниялар қызметінің ашықтығын арттыру, корпоративтік басқаруға қойылатын талаптарды күшейту және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл нарыққа ұзақ мерзімді сенімді қалыптастыру және жеке инвесторлардың қатысуын кеңейту үшін аса маңызды», — деп атап өтті Мәдина Әбілқасымова.

Бұл өзгерістер жеке инвесторлар үшін жаңа акциялар мен облигациялардың пайда болуынан кем емес маңызға ие.

Азаматтар жинақтарын бағалы қағаздарға көбірек сала бастаған сайын компаниялардың ақпаратты уақтылы ашуы, ірі акционерлердің әрекеті, мүдделер қақтығысы және шағын акционерлердің құқықтары маңызды бола түседі.

KASE-де тәуелсіз реттеушілік комитет құрылады

Нарықты бақылау жүйесі де қайта қаралады.

Агенттік тәуекелге бағдарланған қадағалау моделін қалыптастырып жатыр. Ол нарық қатысушыларының формальды талаптарды орындауын ғана емес, олардың нақты тәуекелдері мен іс-қимыл факторларын бағалауды көздейді.

Жаңартылған модель биыл пилоттық режимде сынақтан өткізіліп, инвесторларды қорғау мен корпоративтік басқаруды бағалау күшейтілді.

Енді оны бүкіл нарыққа қолдану жоспарланған.

Сонымен бірге Қазақстан қор биржасының реттеушілік рөлі артып, оның тиісті функцияларының дербестігі күшейеді.

Қазірдің өзінде KASE қатысушылар мен эмитенттерді сауда-саттыққа жіберу, ақпаратты ашу және сауда белсенділігіне мониторинг жүргізу бойынша бірқатар міндет атқарады.

Келесі қадам — биржа құрылымында тәуелсіз реттеушілік комитет құру.

Ол шешімдерді биржаның коммерциялық басшылығына тәуелсіз қабылдауы тиіс. Ал нарықта айла-шарғы жасау белгілері анықталған жағдайда ақпарат Агенттікке жедел беріледі.

«Белгіленген бағыттар нарықты дамытудың негізгі элементтерін, атап айтқанда сұранысты кеңейту мен жаңа эмитенттердің шығуынан бастап инфрақұрылымды дамытуға, инвесторларды қорғауды арттыруға және қадағалауды жетілдіруге дейін қамтиды», — деп атап өтті Әбілқасымова.

«Капитал нарығы туралы» жаңа заң әзірленеді

Бағдарламамен қатар Қазақстанда «Капитал нарығы туралы» жаңа Заң әзірленіп жатыр.

Құжат қолданыстағы нормаларды біріктіріп, жүйелеуге және нарық үшін біртұтас реттеушілік архитектура қалыптастыруға тиіс.

Бағдарлама мен жаңа заң бірнеше мәселені бір мезгілде шешуге бағытталған: нарыққа жаңа эмитенттер шығару, бағалы қағаздарға тұрақты сұраныс қалыптастыру, өтімділікті арттыру, халықаралық инвесторлардың кіруін жеңілдету және азаматтардың инвестицияларын жақсырақ қорғау.

Қазақстанның қор нарығында белсенділік қазірдің өзінде өсіп келеді. KASE мәліметі бойынша, 2026 жылдың алғашқы алты айында биржадағы сауда-саттық көлемі 261,9 трлн теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 48,8 пайызға өскен. Осы кезеңде листинг рәсімінен 29 жаңа эмитент өтті. Биржа бірінші жартыжылдықтың нәтижелерін өзінің ресми есебінде жариялады.

Ендігі мәселе — осы белсенділікті бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыратын тұрақты жүйеге айналдыру.

Егер жоспарланған 35 бастама іске асса, қазақстандық компаниялардың таңдау мүмкіндігі кеңейеді: ұзақ мерзімді қаражат қажет болған кезде олар банкке ғана бармай, акциялар мен облигациялар арқылы тікелей инвесторлардан капитал тартуға мүмкіндік алады.

Ал реформаның нақты нәтижесін нарық капиталдандыруының өсуі ғана емес, биржа арқылы шын мәнінде қанша қазақстандық компания қаржы тарта алғаны көрсетеді.

Дереккөз: Dknews.kz

 

Сақтандыру секторы
Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін
25 августа 2026

Тұрғын үйді қорғау міндетті болуы мүмкін. Қазақстанда үйлер мен пәтерлерді жер сілкінісінен, су тасқынынан және орман өрттерінен міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл бастама Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасына енгізілген. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк сақтандыру нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі.

Бағдарламаның негізгі ережелері Алматыда өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Оған Агенттік, Еуропалық Қайта құру және даму банкі, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы, Мемлекеттік кредиттік бюро, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, сақтандыру нарығының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Тұрғын үйді үш ірі тәуекелден міндетті сақтандыру ұсынылды

Бағдарламадағы азаматтарға тікелей әсер ететін бастамалардың бірі тұрғын үйге қатысты.

Міндетті сақтандыру сыныптарының тізбесін тұрғын үйді жер сілкінісінен, су тасқынынан немесе су басудан және орман өрттерінен міндетті сақтандыру есебінен кеңейту ұсынылады.

Әзірге бұл талап күшіне енген жоқ. Бастама бағдарламада қарастырылған, ал оны іске асыру үшін тиісті заңнамалық өзгерістер қажет болады.

Егер ұсыныс заң деңгейінде бекітілсе, табиғи апаттардан сақтандыру тұрғын үй иесінің ерікті таңдауынан міндетті сақтандыру тетігіне айналады.

Полистің нақты құны, сақтандыру сомасы, төлем тәртібі және басқа талаптар әзірге жарияланған жоқ. Бұл параметрлер кейін заңға тәуелді актілер мен сақтандыру шарттарының талаптары арқылы белгіленуі мүмкін.

Міндетті сақтандырудың бірыңғай моделі енгізілмек

Бағдарлама міндетті сақтандыру жүйесінің өзін де өзгертуді ұсынады.

Қазіргі міндетті және жүктелген сақтандыру түрлерін бөлек қарастырудың орнына міндетті сақтандырудың бірыңғай моделіне көшу жоспарланып отыр.

Заң сақтандыру арқылы қорғаудың негізгі қағидалары мен кепілдіктерін айқындайды. Ал экономикалық жағдай мен тәуекелдердің өзгеруіне байланысты параметрлер заңға тәуелді актілер мен шарттар деңгейінде реттелмек.

Бұл тәсіл тарифтерді нарықтағы жағдай мен тәуекел деңгейіне қарай жедел қайта қарауға мүмкіндік береді.

Реформа міндетті автосақтандыру мен қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру сияқты ең жаппай және әлеуметтік маңызы бар сақтандыру түрлерін де қамтиды.

Сақтандырушылардың активтері 3,9 трлн теңгеге жетті

Сақтандыру нарығындағы өзгерістер сектордың қарқынды өсуі аясында ұсынылып отыр.

Соңғы бес жылда сақтандырушылардың активтері екі есе өсіп, 3,9 трлн теңгеге жетті. Олардың ІЖӨ-ге қатынасы 2,58%-ды құрайды.

Өсудің негізгі драйвері — өмірді сақтандыру компаниялары. Олардың активтері шамамен үш есеге артқан.

Жалпы сақтандыру саласында активтер 1,6 есе ұлғайды, ал активтердің орташа жылдық өсу қарқыны 21%-ды құрады.

2021–2025 жылдар аралығында сақтандыру сыйлықақыларының көлемі де екі есе өсті. Ең елеулі жеделдеу 2023 жылдан бастап байқалады.

«Мемлекет басшысы біздің алдымызға сақтандыру нарығының орнықты дамуы, халық пен бизнесті сақтандырумен қамтуды кеңейту, ұзақ мерзімді жинақтарды дамыту және ұлттық экономика тәуекелдерін басқару жүйесінде сақтандырудың рөлін арттыру үшін жағдайлар жасау туралы ауқымды әрі стратегиялық міндет қойды», — деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова.

Бағдарлама сақтандыру секторын дамытудың алдағы жылдарға арналған негізгі бағдарларын айқындайды. Құжатта нарықтың экономикадағы рөлін арттыру, сақтандыру аясын кеңейту, жаңа өнімдер мен сату арналарын дамыту, цифрландыру және қадағалау жүйесін жетілдіру көзделген.

Бағдарламада 6 бағыт пен 18 бастама бар

Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы алты стратегиялық бағыт пен 18 бастаманы қамтиды.

Тұрғын үйді міндетті сақтандыру — сол бастамалардың бірі ғана.

Екінші ірі бағыт ерікті сақтандыруды дамытуға арналған. Оның аясында қазақстандықтарға инвестициялау стратегиясын таңдау құқығы бар жаңа зейнетақы аннуитеттерін ұсыну жоспарланып отыр.

Мұндай өнімдер өмір бойғы кепілді төлемдерді сақтай отырып, инвестициялық кіріс есебінен болашақ төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік беруі тиіс.

Бұған дейін біз Қазақстанда инвестициялық құрамдас бөлігі бар зейнетақы аннуитеттерін енгізу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Ерікті медициналық сақтандыру МӘМС-ті толықтыруы тиіс

Бағдарламада ерікті медициналық сақтандыруды да дамыту ұсынылады.

Оны МӘМС-ке қосымша контур ретінде қарастыру көзделіп отыр. Яғни ерікті медициналық сақтандыру кепілдендірілген медициналық көмекті қайталамай, азаматтардың қосымша медициналық қызметтер алу мүмкіндігін кеңейтуі тиіс.

Бұл тәсіл азаматқа міндетті жүйеден тыс қосымша қызметтерді сақтандыру арқылы алуға мүмкіндік береді.

Сақтандыру агенттері мен брокерлердің міндеттері бөлінеді

Үшінші бағыт сату арналарын дамытуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға арналған.

Бағдарлама сақтандыру агенттері мен брокерлердің қызметін нақты ажыратуды ұсынады.

Агенттер халықпен жұмыс істеуге, сақтандыру өнімін таңдауға және рәсімдеуге басымдық береді. Брокерлердің қызметі сақтандыру төлемдерін кәсіби реттеуге бағытталмақ.

Сақтандыру төлемдерін алу процесін жүйелі түрде сүйемелдейтін делдалдардың жұмысы да реттеледі.

Олар клиентке сақтандыру компаниясымен өзара іс-қимыл тәртібін және алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін ашуға міндетті болады.

Электрондық сақтандыру шарты негізгі форматқа айналады

Төртінші бағыт сақтандыру нарығын цифрландыруға арналған.

Ерікті жаппай сақтандыру өнімдерінде электрондық шартты негізгі форматқа айналдыру ұсынылып отыр.

Сонымен қатар әртүрлі сақтандырушылардың ұсыныстарын салыстыруға және шартты онлайн рәсімдеуге мүмкіндік беретін сақтандыру маркетплейстерінің мәртебесі заңнамалық деңгейде бекітілмек.

Бірыңғай сақтандыру дерекқоры бүкіл нарық үшін ортақ цифрлық инфрақұрылым ретінде дамиды.

Міндетті сақтандыру шарттарын бірегей сәйкестендіру жүйесі нарықтың ашықтығын арттырып, клиенттерді жалған полистерден қорғауға бағытталады.

Сақтандыру ақпаратымен алмасу қауіпсіз түрде және клиенттің келісімімен жүргізілуі тиіс.

Қазақстанда Орталық актуарий құрылуы мүмкін

Актуарлық есептердің сапасын арттыру үшін Орталық актуарий құру жоспарланған.

Ол тәуекелдер мен ұзақ мерзімді міндеттемелерді бағалаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастырады.

Сондай-ақ Орталық актуарий міндетті сақтандыру сыныптары бойынша тарифтерді есептеуге және қайта қарауға қатысады.

Бұл тетік сақтандыру тарифтерін нақты тәуекелдерге бейімдеуде маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Шетелдік сақтандырушыларға нарыққа кіру жеңілдеуі мүмкін

Бағдарламаның бесінші бағыты қаржылық орнықтылықты қамтамасыз етуге арналған.

Бәсекелестікті күшейту үшін шетелдік сақтандырушылардың Қазақстан нарығына қолжетімділігін ырықтандыру ұсынылып отыр.

Сонымен бірге қайта сақтандырудың елдік саясатын әзірлеу жоспарланған.

Мақсат — қазақстандық нарық өзі тиімді қабылдай алатын тәуекелдерді ел ішінде ұстап қалу, ал аса ірі тәуекелдерді халықаралық нарыққа беру.

Пруденциялық қадағалау жүйесі ұлттық сақтандыру нарығының ерекшеліктеріне бейімделген Solvency II және 17 ХҚЕС қағидаттарын ескере отырып күшейтіледі.

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры да таратылатын сақтандырушылардың міндеттемелерін реттеуге қатысу үшін қосымша өкілеттіктер алмақ.

ШОБ үшін арнайы сақтандыру өнімдері әзірленеді

Алтыншы бағыт сақтандырудың жаңа бизнес-модельдерін дамытуға арналған.

Бағдарлама шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы сақтандыру өнімдерін құруды көздейді.

Сақтандыруды кредит алу, мемлекеттік сатып алуға қатысу және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары сияқты қолданыстағы процестерге кеңінен енгізу ұсынылып отыр.

Бұл бизнестің жекелеген тәуекелдерін сақтандыру арқылы азайтуға бағытталған.

Сақтандырушыларға «исламдық терезелер» ашу ұсынылды

Қазақстанда исламдық сақтандыруды кезең-кезеңімен дамыту да жоспарланып отыр.

Бағдарлама қолданыстағы сақтандырушыларға жеке заңды тұлға құрмай-ақ исламдық өнімдер ұсынуға мүмкіндік беретін «исламдық терезелер» тетігін енгізуді ұсынады.

Бұл сақтандыру компанияларына дәстүрлі өнімдермен қатар ислам қаржысының қағидаттарына сәйкес келетін өнімдерді де ұсынуға мүмкіндік береді.

Жаңа заң жобасын жыл соңына дейін Құрылтайға енгізу жоспарланған

Бағдарламадағы бастамалардың басым бөлігі әзірге ұсыныс деңгейінде. Оларды іске асыру үшін заңнамалық база өзгеруі тиіс.

«Бағдарламаның негізгі бастамалары ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының Құрылтайына енгізіледі деп жоспарланып отырған сақтандыру нарығы туралы жаңа Заң жобасында көрініс табады.

Бағдарламада көзделген бастамаларды іске асыру, ең алдымен, тұтынушылар байқайтын болады: сақтандыру өнімдерінің таңдауы кеңейеді, цифрлық сервистердің арқасында олардың қолжетімділігі артады және полисті рәсімдеу уақыты қысқарады. Сонымен қатар, сақтандырушыларға қойылатын талаптарды күшейту және қадағалауды жетілдіру сақтандыру ұйымдарының сенімділігін және клиенттердің құқықтарын қорғау деңгейін арттырады. Азаматтардың мүлкін, денсаулығын, кірістері мен жинақтарын қорғауға арналған жаңа өнімдерге ерекше назар аударылатын болады», — деді Мәдина Әбілқасымова.

Сондықтан Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру әзірге енгізілген жоқ. Қазір сөз Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасындағы ұсыныс туралы болып отыр.

Егер бастама заңнамалық деңгейде қабылданса, жер сілкінісі, су тасқыны және орман өрттері тұрғын үйді міндетті сақтандырумен қамтылатын негізгі табиғи тәуекелдердің қатарына енеді.

 

Дереккөз: Dknews.kz

Сақтандыру секторы
Қазақстандықтарға инвестициясы бар зейнетақы аннуитеті ұсынылады
24 августа 2026

Зейнетақы таңдауы кеңеймек. Қазақстандықтарға өмір бойғы кепілдендірілген төлемдермен қатар, нәтижесі инвестициялық портфельдің немесе нарықтық индекстің кірістілігіне байланысты болатын жаңа аннуитет түрлерін ұсыну жоспарланып отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бастама «Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасына енгізілген. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нарық қатысушыларымен және сарапшылар қоғамдастығымен бірлесіп әзірледі.

 

Инвестициялық аннуитеттің табысы нарыққа байланысты болады

Қазір қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің үш түрі қолжетімді: шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен, яғни ерлі-зайыптыларға арналған аннуитет. Олар өмір бойғы сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік береді.

Реформаның келесі кезеңінде зейнетақы өнімдерінің желісін кеңейту ұсынылып отыр. Ең елеулі жаңалықтардың бірі — инвестициялық-байланысты аннуитет, немесе unit-linked.

Бұл өнім зейнетақы қорғанысын инвестициялық табыс алу мүмкіндігімен біріктіреді. Нәтиже таңдалған инвестициялық портфельдің немесе нарықтық индекстің кірістілігіне байланысты болады.

Мұнда клиент үшін айырмашылық айқын: кепілдендірілген аннуитетте болашақ төлемнің тұрақтылығына басымдық берілсе, инвестициялық өнімде нәтиже нарықтағы жағдайға тәуелді болады.

Кейін мұндай жинақты өмір бойы төлем жасайтын кепілдендірілген зейнетақы аннуитетіне ауыстыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Кепілдендірілген өмір бойғы төлем сақталады

Жаңа өнімдердің пайда болуы классикалық зейнетақы аннуитетінің жойылатынын білдірмейді.

Кепілдендірілген аннуитет негізгі өнім болып қала береді. Оның басты ерекшелігі — адам күтілген мерзімнен ұзақ өмір сүрген жағдайда да өмір бойы төлем жасау міндетін сақтандыру компаниясы өз мойнына алады.

Қолданыстағы өнімді де икемдірек ету жоспарланған. Соның ішінде зейнетақы төлемдерін индекстеудің бірнеше нұсқасын енгізу көзделіп отыр.

Яғни клиент үшін негізгі таңдау тек «аннуитет алу немесе алмау» мәселесімен шектелмеуі мүмкін. Болашақта кепілдік деңгейі мен инвестициялық тәуекелдің арақатынасын да таңдауға тура келеді.

Гибридті аннуитетте ақша екі бөлікке бөлінеді

Тағы бір жаңа нұсқа — гибридті зейнетақы аннуитеті.

Мұнда жинақ бірден екі бөлікке бөлінеді. Бір бөлігі өмір бойғы кепілдендірілген төлемдерді қамтамасыз етеді, ал екіншісі қосымша табыс алу үшін инвестицияланады.

Бұл модель толық кепілдендірілген және толық инвестициялық тәсілдің ортасындағы нұсқа болмақ.

Азамат бір жағынан тұрақты зейнетақы төлемін сақтайды, екінші жағынан жинағының бір бөлігінің инвестициялық кірісіне қатыса алады.

Аннуитет шарттарының саны бес жылда 2,5 есе өсті

Жаңа өнімдер нарықтың өзі айтарлықтай үлкейген кезде ұсынылып отыр.

2021 жылмен салыстырғанда 2026 жылдың басына қарай қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарының саны 2,5 есе, ал сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 3,5 есеге жуық өскен. Агенттік мұндай өсімді кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттерінің енгізілуімен байланыстырады.

2026 жылдың басында 164 294 қолданыстағы шарт болған. Олар бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 1 168 млрд теңгеге жетті.

Соның ішінде кейінге қалдырылған аннуитеттер бойынша 53 826 шарт 429,4 млрд теңгеге жасалған.

Ал бірлескен зейнетақы аннуитеттері әзірге әлдеқайда шағын сегмент болып отыр: 275 шарттың жалпы сомасы 5,6 млрд теңгені құрайды.

Бұл сандар жаңа өнімдердің нарықта бірдей жылдам таралмайтынын көрсетеді. Кейінге қалдырылған аннуитет айтарлықтай көлемге жетсе, ерлі-зайыптыларға арналған өнім әлі де шағын үлеске ие.

1,168 трлн теңгелік нарық аннуитет бәріне қолжетімді деген сөз емес

Зейнетақы аннуитеттері нарығының өсуін оның барлық салымшыға бірдей қолжетімділігімен шатастырмаған жөн.

Аннуитет шартын жасау үшін азаматтың жеткілікті көлемде зейнетақы жинағы болуы қажет. Сондықтан өнім түрлерінің көбеюі ең алдымен аннуитет талаптарына сай келетін азаматтардың таңдауын кеңейтеді.

Бұл тұрғыда Қазақстандағы зейнетақы жүйесіндегі басқа өзгерістер де маңызды. Бұған дейін біз зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі не үшін өзгергенін талдаған едік. Жинақтың жеткіліктілігі зейнетақы қаражатын пайдалану мүмкіндігіне тікелей әсер ететін негізгі параметрлердің бірі болып қала береді.

Болашақ төлемді бір цифрлық сервисте есептеу ұсынылды

Өнімдердің саны көбейген сайын оларды салыстыру да күрделене түседі.

Сондықтан зейнетақыны жоспарлаудың бірыңғай цифрлық сервисін құру жоспарланып отыр. Оның көмегімен азаматтар әртүрлі өнімдерді салыстырып, болашақ төлемдердің ықтимал мөлшерін есептей алады.

Сервис қолайлы нұсқаны таңдауға және дербес зейнетақы жоспарын қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Бұл әсіресе unit-linked және гибридті өнімдер іске қосылған жағдайда өзекті болады. Өйткені клиентке тек ай сайынғы төлем көлемін емес, кепілдік деңгейін, инвестициялық бөліктің ықтимал нәтижесін және ұзақ мерзімді тәуекелді салыстыру қажет болады.

Сонымен бірге аталған өзгерістердің барлығы әзірге «Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы» жобасындағы ұсыныстар. Инвестициялық және гибридті аннуитеттер қазір қолданыстағы өнімдер ретінде енгізілген жоқ.

Бұған дейін біз Қазақстандағы зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа бағыттары қалай талқыланып жатқанын жазған едік. Енді сақтандыру нарығына ұсынылған модель зейнетақы жинағы жеткілікті азаматтарға үш түрлі тәсіл арасынан таңдау беруді көздейді: өмір бойғы кепілдік, инвестициялық кіріс немесе осы екеуін біріктіретін гибридті нұсқа.

Дереккөз: Dknews.kz

Банк секторы
Қазақстандағы банктер өз кредиттері мен депозиттерін қайта қарауы тиіс
21 августа 2026

Қазақстандағы банктерге несиелер мен депозиттерді қоса алғанда, өздерінің қаржылық қызметтер тізбегін қайта қарау үшін жарты жыл уақыт берілді. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қаулысынан белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚНРДА қаулысы 2026 жылғы 3 тамызда қабылданып, кейін ресми түрде жарияланды. Құжат алғаш ресми жарияланған күннен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни қазанда күшіне енеді. Осыдан кейін барлық қаржы ұйымына қолданыстағы өнім портфеліне толық ревизия жүргізу үшін тура 6 ай уақыт беріледі.

Бұл не үшін жасалып жатыр?

Реттеушінің басты мақсаты - нарықты әділетсіз айла-шарғылардан арылту арқылы қатардағы азаматтардың құқықтарын қорғау:

Таңылған қызметтер мен жасырын комиссияларды жою: банктерге ақылы сервистерді автоматты түрде қосуға немесе несиенің нақты құнын жасыруға тыйым салынады.

Артық қарыз алуға жол бермеу: қаржы ұйымдары белгілі бір несиенің нақты кімге сәйкес келетінін анықтауға міндетті болады. Күрделі немесе тәуекелі жоғары қаржы құралдарын тәжірибесі мен жоғары табысы жоқ клиенттерге сатуға бұдан былай рұқсат етілмейді.

Шарттарды әділ ету: депозиттен немесе қарыздан келетін нақты пайда оның бағасына сәйкес келуі тиіс. Егер комиссия тым жоғары, ал клиент үшін пайдасы күмәнді болса, өнімді өзгертуге немесе жабуға тура келеді.

Алдын алу шаралары бойынша жұмыс істеу: ҚНРДА банктерді қарыз алушылардың шағымдарынан кейін олардың салдарымен күресуге емес, бастапқыда қауіпсіз жағдайлар жасауға мәжбүрлейді.

Банктер өз өнімдерін қалай тексереді?

Әрбір несие немесе салым үшін толық мөлшерлеме (ЖТСМ), барлық комиссия, тәуекелдер көрсетілген және ол кімге арналғаны сипатталған түсінікті "карточка" жасалады. Құжат кемінде 5 жыл сақталады.

Сондай-ақ банктер клиенттердің шағымын зерттеп, шарттардағы ұсақ жазуларды, жасырын жазылымдар мен автоматты келісімдерді алып тастауы тиіс.

Жаңартылған шарттары бар өнімдер алдымен пилоттық топтарда тексерілуі керек. Егер тәуекелдер анықталса, олар пысықтауға жіберіледі. Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін өнімдер нарықтан толықтай жойылуы тиіс.

Сонымен қатар алты айлық мерзім банктер әрбір қазақстандықтың несиесі мен депозиті бойынша шарттарды қайта есептеуі немесе өзгертуі тиіс дегенді білдірмейді. Жаңа талаптар, ең алдымен, клиенттердің барлық жеке шартын автоматты түрде қайта қарауды емес, банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының өз өнімдерін жасау және бақылау тәсілдерін өзгертеді.

Клиенттер үшін тағы не өзгереді?

Ойлануға 14 күн ("бас тарту кезеңі"). Екі апта ішінде айыппұл мен өсімпұлсыз кепілсіз несиеден немесе сақтандырудан бас тартуға болады.

Авто-белгілердің болмауы. Қосымшалар мен шарттарда клиенттің орнына алдын ала белгі қоюға тыйым салынады - кез келген келісім саналы түрде жасалуы тиіс.

Әділ жарнама. Банктерге толық нақты мөлшерлемені (ЖТСМ) көрсетпей, "тартымды" төмен пайыздарды жарнамалауға тыйым салынады.

Сату көрсеткіші үшін жарысуды тоқтату. Банк менеджерлерінің сыйақысы бұдан былай тек сатылған қызметтер санына байланысты болмайды, сондықтан оларға артық қызметтерді таңу тиімсіз болады.

Бұған дейін ломбардтардағы кейбір қарыздар бойынша мерзімін өткізіп алу қазақстандықтардың несие тарихына әсер етпеуі мүмкін екені белгілі болған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі автокөліктер мен басқа да жылжымалы мүлік кепілімен берілген микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдер, айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы мәліметтерді несие есептерінен алып тастауды қарастыратын құжат әзірледі. Толығырақ мына материалдан оқыңыз.

 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру
Алаяқтар екінші телефонды сұрай бастады: олардың мақсаты не
18 августа 2026

Алаяқтар екінші телефонды пайдалануды сұрайды. Олар банктік шотты «қорғау» деген сылтаумен қазақстандықтарды бейнебайланысты қосуға, экранды көрсетуге және мобильдік банкте өз нұсқаулары бойынша әрекет жасауға көндіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі телефон алаяқтығы ақша қаражатын ұрлау мен алаяқтық қарыздарды ресімдеудің кең таралған схемаларының бірі болып қала беретінін ескертті.

 

Қоңырау әдетте «шотыңыз бойынша күдікті операция жүріп жатыр», «сіздің атыңызға кредит рәсімдеуге тырысып жатыр» немесе «банктің мобильдік қосымшасына шабуыл жасалды» деген сөздерден басталады.

Екінші телефон алаяқтарға клиенттің әрекетін бақылау үшін керек

Соңғы уақытта қаскүнемдер екінші мобильді құрылғыны пайдаланатын тәсілге жиі көшкен.

Азаматтан екінші смартфонды немесе планшетті алып, бейнебайланысты қосуды, негізгі телефонның экранын көрсетуді және банктің мобильдік қосымшасына кіруді сұрайды.

Одан кейін қоңырау шалушы әр қадамды өзі айтып отырады.

Адамға мұның бәрі банктің қашықтан жүргізіп жатқан «қауіпсіздік тексеруі» сияқты көрінуі мүмкін. Алайда Агенттік мұндай талаптарды алаяқтықтың сипатты белгілерінің бірі деп атайды.

Олардың мақсаты — клиенттің мобильдік қосымшада қандай әрекет жасап жатқанын бақылап, қажетті операцияны оның өз қолымен орындату.

Биометриядан жәбірленушінің өзі өтуі мүмкін

Бұл схеманың қауіпті тұсы осында.

Алаяққа банктің қорғаныс жүйесін тікелей бұзудың қажеті болмауы мүмкін. Психологиялық қысым арқылы ол азаматтың өзін мобильдік қосымшаға кіргізіп, биометриялық сәйкестендіруден өткізіп, қажетті операцияны растатады.

Соңында ақша басқа шотқа аударылуы немесе азаматтың атына кредит рәсімделуі мүмкін.

Сондықтан алаяқтар әңгімені әдейі шұғыл сипатта жүргізеді: шотқа «қауіп төніп тұр», кредитті «қазір тоқтату керек», ақшаны «қауіпсіз шотқа» дереу аудару қажет деп сендіреді.

«Екінші телефонды алыңыз» десе, әңгімені тоқтатқан дұрыс

Агенттік күмән тудыруы тиіс бірқатар сөз тіркесін атады.

Олардың арасында:

  • «Сіздің шотыңыз бойынша күдікті операция жүргізіліп жатыр»;
  • «Сіздің шотыңызға қауіп төніп тұр»;
  • «Сіздің атыңызға кредит рәсімдеуге тырысып жатыр»;
  • «Дереу ақшаны қауіпсіз шотқа аударыңыз»;
  • «Кредитке өтінімді дереу жою қажет»;
  • «Мына сөйлескенімізді ешкімге айтпаңыз»;
  • «SMS-кодты айтыңыз»;
  • «Шотты қорғау үшін қосымшаны орнатыңыз»;
  • «Екінші телефонды алып, біздің нұсқауларымызды орындаңыз»;
  • «Экран көрсетілімін қосыңыз»;
  • «Телефон экранын бейнебайланыс арқылы көрсетіңіз».

Осындай талаптардың бірі айтылса, қоңырауды жалғастырудың өзі тәуекелге айналады.

Банк CVV-код пен SMS-кодты сұрамайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк қызметкерлері телефон арқылы қандай әрекеттерді талап етпейтінін нақтылады.

Олар SMS-кодтарды, push-кодтарды және құпиясөздерді сұратпайды, банк картасының толық нөмірі мен CVV-кодын талап етпейді.

Сондай-ақ банк қызметкері ақшаны сақтау үшін басқа шотқа аударуды, екінші мобильді құрылғыны пайдалануды, экранды көрсетуді немесе бейнебайланысты қосуды сұрамайды.

Бұл қағида өзін құқық қорғау немесе мемлекеттік органның қызметкері ретінде таныстырған адамдарға да қатысты.

Мұндай органдардың қызметкерлері телефон немесе бейнебайланыс арқылы биометриялық сәйкестендіруден өтуді, растау кодтарын айтуды немесе олардың нұсқауы бойынша қаржылық операция жасауды талап етпейді.

«Стоп-кредит» қосымша қорғаныс бола алады

Агенттік алаяқтық кредиттерден қорғанудың қосымша шарасы ретінде «Стоп-кредит» сервисін пайдалануды ұсынады.

Сонымен бірге азаматтарға күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификацияны қолдану, кредиттік тарихты, банк хабарламаларын және шоттар бойынша операцияларды тұрақты тексеру ұсынылады.

Күмәнді қоңырау түскен жағдайда әңгімені тоқтатып, банкпен оның интернет-ресурсында немесе төлем картасында көрсетілген ресми телефон нөмірі арқылы өз бетінше байланысқан дұрыс.

Белгісіз адамның өтініші бойынша қосымша орнатуға, күмәнді сілтемеге өтуге немесе экран көрсетілімін қосуға болмайды.

Деректерді беріп қойсаңыз, банкке дереу хабарласу керек

Егер азамат алаяқтарға растау кодын, карта деректерін беріп қойса немесе ақша аударса, әрекетті кейінге қалдыруға болмайды.

Агенттік ең алдымен банкке хабарласып, картаны және мобильдік қосымшаға кіру мүмкіндігін бұғаттауды ұсынады.

Сонымен бірге хат алмасуды, қоңырау түскен телефон нөмірлерін және операциялар туралы ақпаратты сақтау қажет. Қаскүнемдердің телефон нөмірін 116 нөмірі арқылы хабарлап, құқық қорғау органдарына жүгіну керек.

Ең қарапайым белгі өзгерген жоқ: егер қоңырау шалушы асықтырып, қорқытып, әңгімені құпия ұстауды, экранды көрсетуді немесе екінші құрылғыны пайдалануды талап етсе, оның нұсқауларын орындамау қажет.

Бұған дейін біз «сіздің шотыңызға қауіп төніп тұр» деген сөздермен басталатын алаяқтық схема қалай жұмыс істейтіні және қаскүнемдердің адамдарды асықтыру арқылы қалай әрекетке итермелейтіні туралы жазған едік.

Дереккөз: Dknews.kz

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы