2025 жылғы 26 қазанға Ақмола облысында 3 сайлау округтарыңда Ақкөл ауданы-1,Зеренді ауданы-1, Целиноград ауданы -1 болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 12 кандидат ұсынылды. Оның 3 - і саяси партиялар, -9- өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 10– ер адам және 2– әйел адам.
3 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 9 - партияға тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жас – 29,3 жас.
Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.
9 кандидаттың жоғары білімі, 3– орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 6-і бюджеттік салада, 5 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 – уақытша жұмыссіз.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 26 қыркүйекке жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 9 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйекте сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 24 қазан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.