ХАБАРЛАМА Целиноград аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы

2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 18.00-де Целиноград аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

 

Сайлау науқаны барысында барлығы 6 кандидат ұсынылды. Оның ішінде:

1 кандидат – саяси партия тарапынан,

5 кандидат – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

 

Ұсынылған кандидаттардың барлығы – ер адамдар.

 

Саяси партиялардың мүшелері – 1 кандидат,

партиялық тиесілігін көрсетпегендер – 5 кандидат.

 

Кандидаттардың орташа жасы – 36,8 жас.

 

Ұсынылғандардың барлығы бір этностың өкілдері.

 

Білімі бойынша:

5 кандидат – жоғары білімді,

1 кандидат – арнаулы орта білімді.

 

Қызмет саласы:

5 кандидат – коммерциялық құрылымдарда еңбек етеді,

1 кандидат – уақытша жұмыссыз.

 

Қазіргі уақытта мәслихат депутатын шығып қалғанның орнына сайлауға кандидаттарды тіркеу жалғасуда. 2025 жылғы 25 қыркүйектегі жағдай бойынша №3 округтік сайлау комиссиясы 3 кандидат тіркелді.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18:00-де аяқталады.

 

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар 2025 жылғы 25 қазан сағат 00:00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарына кіріседі.

 

 

Целиноград аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА Целиноград аудандық мәслихатының № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және тіркеу барысы туралы
Дата публикации
26 сентября 2025