25 қыркүйекте сағат 18-00-де, 2025 жылғы 26 қазанда өтетін №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутатын сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқаны барысында барлығы 3 кандидат ұсынылды.
Оның 1-і Қазақстан Халық партиясымен, 2-і өзін-өзі ұсыну арқылы.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 2-і ер адам және 1-і әйел.
Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері - 1 кандидат, 2 - өзінің партиялық тиесілігін көрсетпеген.
Орташа жасы - 32 жыл құрайды.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде 1 этнос өкілі бар.
2 үміткердің жоғары білімі, 1 – арнайы орта білімі бар.
3-нің барлығы бюджет саласының қызметкерлері.
25 қыркүйектегі сағат 18-00-дегі жағдай бойынша барлық 3 кандидат депутаттыққа тіркелді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгіт-насихатқа кіріседі, ол 2025 жылғы 25 қазанда сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиясы