2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған  Ақмола облысы Ақкөл ауданы бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған

 Ақмола облысы Ақкөл ауданы бойынша мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына кандидаттарды

ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

2025 жылғы 26 қазанға   Ақкөл ауданы Ақкөл қаласындағы №4 сайлау округінде  болатын  мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 3 кандидат ұсынылды. Оның 1 - і саяси партия, - 2- өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 2– ер адам және 1– әйел адам.

1 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады,  2- партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жас – 31 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1  этнос өкілдері бар.

Барлық  кандидаттың  жоғары білімі  бар.

Кандидаттардың 2-і бюджеттік салада, 1 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 25 қыркүйектегі  жағдай бойынша округтік сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж. 30 қыркүйек  сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол   24 қазан  күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Дата публикации
26 сентября 2025