Әр қаланың өз шығу тарихы болады. Кейбiрiнiң тарихы ғасырлар қойнауына бастау алып жатады. Мiне, бiздiң Көкшетауымыз да, көнеден қалған ескi шаһар болмаса да, бiр жарым ғасырлық тұтас бiр дәуiрдi артқа тастаған екен. Оның ресми пайда болған уақыты — 1824 жыл. Бiрнеше буын ақын-жыршыларға шабыт сыйлап, жырларына арқау болған сол Көкшетау бiздiң ұйытқымыз болып, өз тарихын ары қарай жалғастырып келедi. Көкшетау — киелi мекен, бұл киелi мекенде бой көтерген қала да сол киелi топырақтан нәр алып, оның өзiне ғана тән ерекшелiктерiн бойына сiңiрген. Тек сол үшiн ғана ақын Жұмағали Саинның мына өлең жолдары бұлтармас ақиқақ болып қалады:
«Кто хоть раз заставал в Кокшетау восход,
Кто хоть раз любовался им с горных высот,
Если сердце — не камень в груди его бьется,
В нем любовь Кокшетау вовек не умрет»
Бұл өшпес махаббатын киелi қаламыз уақыт арнасында ту етiп көтерiп келедi. Бұл сезiммен оның алғаш қазығы қағылды, бұл сезiммен тұрғындары оның нар тұлғасын биiк ұстап, абыройын асқақтатуда.ХIХ ғасырдың аяғында станицада 30 орындық шағын аурухана салынды. Оның ремиссары болып коллеж хатшысы Аншыпу тағайындалды. Аншыпу Көкшетаудың ең бiлiмдi, сауатты адамдарының бiрi болды. Ол тек көшiп келгендердiң ғана емес, жергiлiктi халықтың да ем алуына жағдай жасау үшiн аянбай еңбек еттi. Сонымен қатар станицада дәрiхана да салынды. Оның иесi iрi кәсiпкер Березин болатын. Бұл дәрiхана қазiргi күнi «Тұмар» ЖАҚ дәрiханасының орнында орналасқан (бұрынғы №1 дәрiхана).