
Туризм саласында мынадай жұмыстар жүргізіледі: туристік қызмет көрсету нарығына талдау жүргізу және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну; қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу; балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсету; туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.; халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шаралары ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау; туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру; туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.