«Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру және инвестиция тарту үшін қолайлы және қауіпсіз бизнес-ортаны құру болып табылады.
«Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты – ШОБ үлесін арттыру, инвестиция тарту және экономика секторларын әртараптандыру арқылы экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
«Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
- кәсіпкерлік қызметті дамытуды қолдау;
- инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру – әкімшілік кедергілерді азайту, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, бизнес үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру, инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, уәкілетті органдар қызметінің ашықтығы үшін цифрлық технологияларды енгізу;
- кәсіпкерлік инфрақұрылымды (Индустриалды аймақ, «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - «ИТП» АЭА), технопарктер, коворкинг орталықтары) дамыту;
- жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған жобаларға инвестиция тарту;
- экономика секторларын әртараптандыру және нарық сыйымдылығын арттыру, соның ішінде. туризмді дамыту арқылы;
- халықтың әлеуметтік топтары үшін ішкі нарықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімділігін және қанықтыруын қамтамасыз ету;
- жануарлардан алынатын өнімдердің эпизоотиялық және санитарлық-ветеринариялық салауаттылығына және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қол жеткізу;
- гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және нығайту.