Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-1-4/590 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік меншіктен
жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Өңірлік инвестициялық штабы отырысының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 2025-310 және Алматы қаласы Өңірлік
үйлестіру кеңесінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 58 хаттамаларының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі жобалар мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық деп айқындалсын:
1) «QPC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «ALMATY
PROMENADE»;
2) «Тумар Строй Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «ALMATY DESIGN DISTRICT».