
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданына барып, Жамбыл, Ақтасты және Ұлғайсын ауылдарында салынып жатқан өрт сөндіру бекеттеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.
Сапар аясында нысандардағы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасына ерекше назар аударылып, мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы, инженерлік инфрақұрылымдардың дайындығы және құрылыс кезеңдерінің сақталуы талқыланды.
Қазіргі таңда аталған нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы орындалу көрсеткіші 80 пайызға жетіп отыр.
“Ауыл құтқарушылары” жобасы ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін арттыруға, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтуге және шалғай ауылдардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.