Ақмола облысында тұңғыш заңгерлік клиника ашылды

Ақмола облысында тұңғыш заңгерлік клиника ашылды

Аталған шара аясында Ақмола облысының Әділет департаменті, Ш.Уәлиханов атындағы университет, адвокаттар алқасы, сот сараптамалары Институты, Нотариаттық палата, заң консультанттары палатасы және жеке сот орындаушылары палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде меморандумның барлық қатысушылары заң клиникасының жұмысына жәрдем көрсететін болады.

Іс-шараның мақсаты-университетте алған білімдері практикалық дағдылармен қамтамасыз етілетін студенттер үшін жағдай жасау. Ал азаматтар үшін тегін заң көмегі мен кеңес алу мүмкіндігі болу керек.

Бұл жобаны іске асыру халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.