«Өркен» гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?
ЖүктеуКіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының 6-сыныптарында оқитын азаматтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты шеңберінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) 7-сыныптарында оқу үшін конкурсқа қатыса алады.
Грант конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша дарынды балалардың Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу ақысын төлеу үшін беріледі.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 қарашадан 28 желтоқсанға дейін қоса алғанда.
Мемлекеттік қызмет көрсету құны: тегін.
Өтінішті қарау мерзімі: 1 жұмыс күні.
Өтініш беру тәсілдері:
-
eGov.kz порталы арқылы онлайн;
-
Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясы арқылы қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: үміткердің конкурсқа қатысуына арналған рұқсаттама немесе дәлелді бас тарту.
