gov.kz
Меню

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 2026 жылғы 5-қаңтар мен 9-ақпан арасында жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінішті Портал арқылы немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қабылдау комиссиясына тапсыруға болады.

Құжат қабылдау:

1) Портал арқылы тапсыру 5-қаңтар сағат 09:00-ден бастап тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда;

2) Қағаз тасымалдағышта тапсыру демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.

Как получить услугу
Қызмет беруші
Жеке тұлғалар

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:

  1. Конкурсқа қатысуға өтінім және келісім;
  2. Үміткердің туу туралы куәлігі/жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;
  3. Үміткердің заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаты (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты;

Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің талабына сәйкес үміткердің заңды өкілдері үміткердің азаматтығын растайтын құжаттар ұсынуы тиіс;

  1. Үміткердің ағымдағы оқу жылындағы үлгерім табелінің көшірмесі. Қажетті құжаттар басшының қолымен және тиісті білім беру ұйымының мөрімен куәландырылуы тиіс;
  2. Құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті көшірмесін қосуы/тіркеуі тиіс;
  3. Үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
  • алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түрлі-түсті фотосурет;
  • көздер ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
  • бет әлпет фотосуреттің жалпы ауданының 70–85% құруы;
  • өлшемі 1 МБ аспайтын JPEG форматта 3×4 графикалық файл;
  • өлшемі кемінде 450×600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi).

Рұқсат етілмейді:

  • бас киіммен және көзілдірікпен фотосурет;
  • компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған бейнелерді пайдалануға.
  1. Сенімхат (үміткердің заңды өкілінің атынан үшінші тұлға өтініш берген жағдайда).
Онлайн
Жеке тұлғалар

Портал арқылы сіз қызметті ала аласыз:

ЭЦҚ көмегімен:

  1. Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз.
  2. Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет):
  3. Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Порталға тіркеу үшін қажетті құжаттар

  1. Құжаттарды тапсыру кезінде шетелдік білім беру ұйымдарында оқитын үміткерлер мектептен оқу сыныбын және оқу/күнтізбелік жылын, анықтаманың берілген күнін көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тіліндегі, немесе мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы бар табельдің/анықтаманың немесе басқа да ресми құжаттың түрлі-түсті электрондық көшірмесі;
  2. Үміткердің цифрлық түрлі-түсті фотосуретіне қойылатын талаптар:
  • алдыңғы жағынан ақшыл фонда, бет әлпеті ешқандай қимылсыз бейтарап түрінде және аузы жабық күйінде түрлі-түсті фотосурет;
  • көздер ашық, анық көрінуі және оларды шашпен жаппау;
  • бет әлпет фотосуреттің жалпы ауданының 70–85% құруы;
  • өлшемі 1 МБ аспайтын JPEG форматта 3×4 графикалық файл;
  • өлшемі кемінде 450×600 пиксель, ажыратымдылығы 80 пиксель/дюйм (dpi).

Рұқсат етілмейді:

  • бас киіммен және көзілдірікпен фотосурет;
  • компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе көшіру арқылы жасалған бейнелерді пайдалануға.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Результат оказания услуги

Конкурсқа қатысу үшін үміткердің рұқсат қағазы немесе дәлелді бас тарту.

Часто задаваемые вопросы
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталғанда.
2. Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 255 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33295 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі.
3. Көрсетілетін қызметті алушының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
Әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер
  • өтініш;
  • әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Әкімшілік рәсімді қозғауға негіз болып табылады

Қағаз немесе электрондық нысанда берілген өтініште төмендегілер көрсетіледі:

  • жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
  • өтініш берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;
  • өтініштің мәні;
  • өтініштің берілген күні;
  • өтініш иесінің немесе оның өкілінің қолы;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, өтініш иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс.

! Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Өтініш кодекстің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіге өтініштің қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін орынды мерзім белгілейді.
  2. Өтініш беруші әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде өтінішті кері қайтарып ала алады.

Өтінішті уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберу

Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды.

! Заңдарда өтініштерді қараудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін (Мысалы, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңға сәйкес жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иесіне келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі).

  1. Әкімшілік рәсімнің мерзімі әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Әкімшілік рәсімге қатысушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде хабарланады.

Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік актіні қабылдауға байланысты әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдануға құқылы.

Егер әкімшілік орган, лауазымды адам мерзімінде әкімшілік актіні қабылдамаса, әкімшілік әрекетті жасамаса, онда мерзімдер өткен күннен бастап әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік актіні қабылдаудан, әкімшілік әрекетті жасаудан бас тартты деп есептеледі.

Шағым әкімшілік органға, әкімшілік актісі, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

Сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті сотқа кері қайтарып алумен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның уәжді ұстанымын ұсынады.

! ӘРПК шағымдану тәртібін әрдайым реттей бермейді, салалық заңдарда шешімге сотқа дейінгі шағымсыз дереу сот тәртібімен шағымдануды көрсететін нормалар болуы мүмкін.

  1. Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым әкімшілік органға, лауазымды адамға әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актінің қабылданғаны немесе әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы белгілі болған күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
  2. Дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өтінішхаты бойынша мерзімді шағымды қарайтын орган қалпына келтіре алады.
  3. Шағымдану үшін өткізіп алған мерзім шағымды қарайтын органның шағымды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың ерекше тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

! Өзге заңдарда шешімдерге шағымданудың өзге мерзімі белгіленуі мүмкін.

 

 

Дереккөз: ҚР ӘРПК,
ҚР "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңы

Заказать онлайн
Полное название
"Қазақстан Республикасы Президентінің "Өркен" білім беру гранты шеңберінде "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
Получатели услуги
Жеке тұлғалар
Жеке тұлғалар
Стоимость услуги

Тегін

Срок оказания услуги

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қарастыру мерзімі 1 жұмыс күнді құрайды

Услугу оказывает
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Место предоставления услуги
«Электрондық үкімет» порталы
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы

Мемлекеттік қызмет көрсету ережесі

Социальные медиа
Telegram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты