Электрондық сауда-саттық арқылы тәркіленген мүлікті қалай сатып алуға болады?

Инструкция

Кімдер пайдалана алады

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптарға сай келетін және мемлекет өткізетін электрондық сауда-саттыққа қатысу арқылы тәркіленген мүлікті сатып алуға ниет білдірген жеке және заңды тұлғалар.

1-қадам. Сауда-саттық өткізу туралы хабарландырумен танысыңыз

Тәркіленген мүлікті өткізу туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылады.

Хабарландыруда мына мәліметтер көрсетіледі:

мүліктің атауы;

объектінің сипаттамасы;

бастапқы бағасы;

кепілдік жарнаның мөлшері;

электрондық аукционның күні мен уақыты;

сату шарттары.

Нәтиже: сіз электронды аукционға қатысу үшін қызығушылық танытатын объектіні таңдадыңыз.

2-қадам. Веб-порталда тіркеліңіз

Электрондық аукционға қатысу үшін мемлекеттік мүлік тізілімінің Веб-порталында тіркелу қажет.

Тіркеу кезінде:

жеке тұлғалар үшін — ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

заңды тұлғалар үшін — БСН, заңды тұлғаның толық атауы, басшы туралы мәліметтер;

кепілдік жарнаны қайтару үшін банктік шот деректемелері;

байланыс деректері көрсетіледі.

Нәтиже: сіз Веб-порталда электрондық аукционның әлеуетті қатысушысы ретінде тіркелдіңіз.

3-қадам. Кепілдік жарнаны енгізіп, өтінім беріңіз

Электрондық аукционға қатысу үшін:

хабарландыруда көрсетілген мөлшерде кепілдік жарнаны енгізу;

Веб-портал арқылы электрондық өтінім беру қажет.

Өтінім беріліп, кепілдік жарна түскеннен кейін қатысушы электрондық аукционға жіберіледі.

Нәтиже: өтінім қабылданды, сіз электрондық аукционға қатысуға жіберілдіңіз.

4-қадам. Электрондық аукционға қатысыңыз

Белгіленген күні және уақытта электрондық аукционға веб-портал арқылы қатысыңыз.

Электрондық аукцион кезінде қатысушылар сатып алынатын мүліктің бағасын дәйекті түрде ұсынады.

Электрондық аукционды жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №227 бұйрығы Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларына сәйкес барынша жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

Нәтиже: электрондық аукционның жеңімпазы анықталды.

5-қадам. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаға және сатып – алу шартына қол қойыңыз

Сіз электрондық аукционның жеңімпазы деп танылған жағдайда, оны өткізген күні ЭЦҚ пайдалана отырып, нәтижелер туралы хттамаға қол қою қажет.

Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін электрондық аукцион өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде ЭЦҚ пайдалана отырып, сатып алу – сату шартына қол қою қажет.

Нәтиже: хаттамаға қол қойылып, мүлікті сатып алу – сату шарты жасалды.

6-қадам. Мүліктің құнын төлеңіз

Егер сіз жеңімпаз деп танылған жағдайда, сатып алынған мүліктің құнын №227 Кағидалардың 53-54-тармақтарында және жасалған сатып алу – сату шартында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төлеу қажет.

Кепілдік жарна мүліктің сатып алу құнына есептеледі.

Нәтиже: мүлік бойынша төлем міндеттемелері орындалды.

7-қадам. Мүлікті қабылдап алыңыз

Толық төленген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Тараптар арасында  қабылдау-беру актісі рәсімделенеді және мүлік сізге сатып алушы (электрондық аукционның жеңімпазы) ретінде беріледі.

Нәтиже: тәркіленген мүлік заңнамада белгіленген тәртіпте сатып алынды.

Процестің нәтижесі

Электрондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз сатып алушы сатып алынған тәркіленген мүлікті сатып алу-сату шарты және қабылдау-беру актісі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес иеленеді.

Дата обновления - 27.07.2026
Справочная информация
Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы
6