Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі

Инструкция

Кімдер пайдалана алады

Өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін тәркіленген мүлікке қажеттілігі бар құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар.

1-қадам. Жарияланған хабарландырумен танысыңыз

Тәркіленген мүлік мемлекет меншігіне түскеннен кейін аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (ММЖД) немесе жергілікті атқарушы орган (ЖАО) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарға беруге ұсынылатын тәркіленген мүлік туралы хабарландыруды мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырады.

Хабарландыру өтінімдерді ашу күніне дейін кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын жарияланады.

Нәтиже: беруге ұсынылған мүлік туралы ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жарияланды.

2-қадам. Өтінім беріңіз

Қажеттілік болған жағдайда құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы өтінім береді.

Өтінімде мыналар көрсетіледі:

мүліктің атауы;

қажетті саны;

мүлікті беру қажеттілігінің негіздемесі.

Өтінімге тиісті саланың уәкілетті органының қорытындысының электрондық (сканерленген) көшірмесі қоса беріледі.

Қорытындыда:

белгіленген тиесілік нормалары шегіндегі қажеттілік;

мүлікті пайдаланудың өндірістік қажеттілігі;

мүлікті күтіп-ұстауға және пайдалануға қаржылық қамтамасыз етудің болуы расталуы тиіс.

Нәтиже: өтінім қарауға қабылданды.

3-қадам. Өтінімнің қаралуын күтіңіз

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы оларды автоматты түрде ашады.

ММЖД немесе ЖАО комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және мүлікті берудің экономикалық орындылығының белгіленген өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді.

Қарау қорытындысы бойынша комиссия отырысының хаттамасы рәсімделеді.

Нәтиже: мүлікті беру мүмкіндігі туралы шешім қабылданды.

4-қадам. Мүлікті алушыны айқындау

Егер бір мүлік объектісіне бірнеше өтінім келіп түссе, белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда өтінімді бірінші болып берген мемлекеттік органға басымдық беріледі.

Мүлік қалдығы болған жағдайда ол басқа өтініш берушілер арасында бөлінуі мүмкін.

Нәтиже: мүлік берілетін мемлекеттік орган айқындалды.

5-қадам. Мүлікті беру туралы шешімнің қабылдануын күтіңіз

Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті немесе жергілікті атқарушы орган мүлікті құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның теңгеріміне бекіту (беру) туралы шешім қабылдайды.

Шешім 15 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Нәтиже: мемлекеттік органның теңгеріміне мүлікті беру туралы шешім қабылданды.

6-қадам. Мүлікті теңгерімге қабылдап алыңыз

Шешім қабылданғаннан кейін мүлік қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.

Мүлік шешім қабылданған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде беріледі.

Қабылдау-беру актісіне қол қойылғаннан кейін мүлік тиісті мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданады.

Нәтиже: тәркіленген мүлік құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның теңгеріміне қабылданды.

Егер өтінімдер келіп түспесе

Егер белгіленген мерзімде өтінімдер келіп түспесе немесе комиссия мүлікті мемлекеттік органдарға берудің экономикалық орынсыздығы туралы қорытындыға келсе, мұндай мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сауда-саттық арқылы өткізіледі.

Мерзімдер

Өтініштер ашылғанға дейін хабарлауды жариялау – кемінде 15 күнтізбелік күн

Мүлікті  беру туралы шешім қабылдау – 15 жұмыс күні ішінде;

Қабылдау-беру актісі бойынша мүлікті беру – 10 күнтізбелік күн ішінде

Нәтиже

Тәркіленген мүлік құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органның теңгеріміне беріліп, бекітіледі немесе оны беруге негіздер болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізуге жіберіледі.

Негіздеме

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті беру, есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу қағидалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың теңгеріміне тәркіленген мүлікті беру алгоритмі» атты ресми түсіндірмесі.

Дата обновления - 27.07.2026
Справочная информация
5