Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдануды басталған күн:
- интернет жоқ жерлерде жұмыс істеген кезде - бірінші төлем құжатында көрсетілген ай (2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің 720-бабы);
- интернет болған жағдайда — мобильді қосымшада қалыптастырылған бірінші чек күні болып саналады.
Егер де ЖК қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылмаған жағдайда (АСР жеңілдетілген декларациясына ауысуы үшін), онда 2026 жылдың 1 наурызында мұндай ЖК автоматты түрде ЖК ретінде салық органының есебінен шығарылады (2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Салық кодексінің 840-бабының 1-тармағы).
Мұндай есептен шығару күні 01.01.2026 жыл – жаңа Салық кодексінің қолданысқа енгізілген күні болып есептеледі.