Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның кірісі қалай айқындалады және салық қалай төленеді?

Инструкция

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның кірісі есептелетін күн – тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді өткізгені үшін есеп айырысқан күн (ақшаны немесе оның баламасын алу күні).

Кіріс есебі арнайы мобильді қосымша арқылы кірістер тізімінде жүргізіледі (арнайы мобильді қосымшаның чектері және басқа көздерден алынған кіріс туралы деректер негізінде).

Жалпы қолданыстағы телекоммуникация байланысы жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кіріс есебі дербес әзірленген қарапайым нысанда күні,  операцияның атауын, әр операциядан алынған соманы, әр күні, бір айдағы жиынтық соманы міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар міндетті түрде арнайы мобильді қосымшаны пайдалану немесе жалпы қолданыстағы телекоммуникация байланысы жоқ жерлерде қызметін жүзеге асырған жағдайда жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді дербес есептеп, төлеу арқылы АСР-ды қолданады.

 

Дата обновления - 17.10.2025
Справочная информация
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексі
9