«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу

Жүктеу

Түсу үшін санаттарды анықтау

Құжаттарды тапсырмас бұрын оқу немесе тағылымдамадан өту бағытын анықтап, белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру қажет.

1. Бакалавриат

Бекітілген тізбеде көзделген жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадаларда және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарында жетістіктері бар үміткерлер қатыса алады.

Негізгі талаптар:

  • тиісті халықаралық олимпиаданың немесе конкурстың I–III дәрежелі жеңімпазы немесе жүлдегері дипломының болуы;

  • таңдалған мамандықтың олимпиада немесе конкурс бағытына сәйкес келуі;

  • шетелдік жоғары оқу орнына түсу талаптарын орындау;

  • мемлекеттік тілді меңгерудің қажетті деңгейін растау;

  • Қағидаларда көзделген құжаттарды ұсыну.

2. Магистратура

Мынадай санаттар көзделген:

  • өз бетінше оқуға түскен үміткерлер;

  • ауылдық елді мекендерден шыққан үміткерлер;

  • инженерлік-техникалық қызметкерлер;

  • медицина қызметкерлері;

  • мемлекеттік қызметшілер;

  • атом саласының қызметкерлері.

Жекелеген кәсіптік санаттар үшін жұмыс өтіліне, дипломның орташа балына, шет тілін және мемлекеттік тілді меңгеруге, мамандықтардың сәйкестігіне және еңбек қызметін растауға қатысты талаптар көзделген.

Өз бетінше оқуға түскен үміткерлерге шетелдік жоғары оқу орнына қабылдануға қатысты арнайы талаптар қолданылады.

3. Докторантура және резидентура

Қағидалардың талаптары сақталған жағдайда докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша оқу көзделген.

Атом саласының қызметкерлері үшін философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға даярлаудың жеке санаты көзделген.

4. Кәсіптік тағылымдамалар

2026 жылға қызметкерлердің мынадай санаттары айқындалған:

  • инженерлік-техникалық қызметкерлер және агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері;

  • атом саласының қызметкерлері;

  • жасанды интеллект жүйелерін пайдаланушылар;

  • педагогтер және білім беру ұйымдарының қызметкерлері;

  • медицина қызметкерлері;

  • мемлекеттік қызметшілер;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері;

  • мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері;

  • судьялар және сот қызметкерлері.

Тағылымдамадан өту үшін кәсіби тәжірибеге, тілдерді меңгеруге және қабылдаушы шетелдік ұйымға қойылатын талаптарға сәйкес келу қажет.

Маңызды: нақты талаптарды тиісті жылға арналған қолданыстағы іріктеу қағидалары мен бекітілген тізбелер бойынша тексеру қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:5166
  1. Түсу үшін санаттарды анықтау