«Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу

Жүктеу

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады

«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеудің талаптары мен шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.

Бағдарлама мынадай бағыттарды қамтиды:

  • Бакалавриат — бекітілген тізбеге енгізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне (I–III орындар) арналған.

  • Магистратура — өз бетінше оқуға түскен үміткерлерге және Қағидаларда көзделген жекелеген кәсіптік санаттарға арналған.

  • Докторантура — философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін алу үшін оқуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін үміткерлерге арналған.

  • Резидентура — белгіленген талаптарға сәйкес келетін үміткерлерге арналған.

  • Кәсіптік тағылымдамалар — Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындаған санаттарға жататын қызметкерлерге арналған.

Білімге, жұмыс өтіліне, тілдерді меңгеруге, шетелдік ұйымның шақыруына және растайтын құжаттарға қойылатын талаптар үміткердің санатына байланысты ерекшеленеді.

Құжаттарды қабылдау және конкурстық іріктеуді өткізу мерзімдері жыл сайын бекітіліп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның ресми сайтында жарияланады.

Жаңарту күні: Көру саны:6949
  1. «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады