Электрондық визаға қалай өтініш беруге болады?

Жүктеу

Электрондық өтінішті беру

Электрондық визаны ресімдеу үшін:

  1. Қазақстан Республикасының ресми Визалық-көші-қон порталына өтіңіз — https://www.vmp.gov.kz.

  2. Электрондық визаны ресімдеу қызметін таңдаңыз.

  3. Қабылдаушы тараптың келісілген шақыру нөмірін көрсетіңіз.

  4. Паспорт пен шақыру деректеріне сәйкес қажетті мәліметтерді толтырыңыз.

  5. Енгізілген деректердің дұрыстығын тексеріңіз.

  6. Консулдық алымды белгіленген тәсілмен төлеңіз.

  7. Виза ресімделгеннен кейін оны порталдағы жеке кабинетіңізден алыңыз.

Маңызды: электрондық визадағы деректер шетелдік азаматтың жарамды паспортындағы деректерге сәйкес келуі тиіс. Паспорт ауыстырылған жағдайда белгіленген тәртіппен жаңа электрондық визаны ресімдеу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:547
  1. Электрондық өтінішті беру