Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны қалай алуға болады?
ЖүктеуКіріспе
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (СЭҚ) — объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.
СЭҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ресімделеді. Ол эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге, сондай-ақ нормативтік құжаттаманың жекелеген жобаларына талап етілуі мүмкін.
СЭҚ беру жөніндегі мемлекеттік қызмет электрондық нысанда тегін көрсетіледі.
Қорытынды алу тәртібі 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген 2026 жылғы 10 маусымдағы № 66 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттеледі.
