Әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне және әскери зейнеткерлерге медициналық көмекті қалай алуға болады?

Жүктеу

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін және әскери қызметтен босатылған адамдардың жекелеген санаттарын медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық көмек алу шарттары алушының санатына, медициналық көмектің түріне және оны қаржыландыру көзіне байланысты ерекшеленеді.
Әскери қызметшілер әскери-медициналық мекемелер мен медициналық бөлімшелерде бюджет қаражаты есебінен әскери-медициналық көмек алады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасы мүшелері және заңнамада көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен босатылған адамдар белгіленген шарттарды сақтаған жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі, сондай-ақ медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде медициналық көмек ала алады.
Бұл материалда медициналық көмектің кімдерге көрсетілетінін, қайда жүгіну керектігін және консультацияны, амбулаториялық немесе стационарлық емдеуді қалай алуға болатынын түсіндіреміз.

Нормативтік құқықтық актілер:

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» бұйрығы

  1. Кіріспе