Сатушы немесе сервис ақшаны қайтарудан бас тартса не істеу керек?

Жүктеу

Сатушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартса, қадамдық іс-әрекеттер тәртібі

1-қадам. Дәлелдемелерді дайындаңыз

Кассалық немесе электрондық чекті, шартты, кепілдік талонын, сатушымен хат алмасу материалдарын және тауардың сатып алынғанын немесе қызметтің көрсетілгенін растайтын басқа да құжаттарды сақтаңыз.

Кассалық чектің болмауы тұтынушыны тауарды сатып алу фактісін өзге дәлелдемелер арқылы растау құқығынан айырмайды.

2-қадам. Жазбаша наразылық жолдаңыз

Наразылықта мыналарды көрсетіңіз:

  • сатушының немесе орындаушының атауы;

  • тауарды сатып алу немесе шарт жасасу күні;

  • құқық бұзушылықтың мән-жайлары;

  • нақты талап;

  • жауап алу үшін байланыс деректері.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) наразылықты қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда, оны алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жазбаша дәлелді жауап беруге міндетті.

3-қадам. Уәкілетті органға жүгініңіз

Егер сатушы немесе орындаушы белгіленген мерзімде наразылыққа жауап бермесе не заңды талаптарды қанағаттандырудан бас тартса, тұтынушы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшесіне жүгінуге құқылы.

Өтінішті e-Otinish арқылы жолдауға болады.

4-қадам. Сотқа жүгініңіз

Егер дауды реттеу мүмкін болмаса, тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

Жаңарту күні: Көру саны:384
  1. Сатушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартса, қадамдық іс-әрекеттер тәртібі