Бағаның негізсіз өсуіне қалай шағымдануға болады?

Жүктеу

Әкімдікке хабарласу (әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша)

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асып кету мәселелері бойынша

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшесіне жүгіну қажет.

Кассадағы бағаның баға белгісінде көрсетілген бағамен сәйкес келмеуі мәселелері бойынша

Алдымен сатушыға немесе сауда объектісінің әкімшілігіне құқық бұзушылықты жою туралы талаппен жүгіну ұсынылады. Егер мәселе шешілмесе, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің аумақтық бөлімшесіне жүгінуге болады.

Баға бойынша сөз байласу белгілері болған жағдайда

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне немесе оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Өтінішті қалай жолдауға болады?

Мемлекеттік органға өтінішті e-Otinish ақпараттық жүйесі арқылы жолдауға болады.

Өтініште болжамды құқық бұзушылықтың мән-жайларын баяндап, қолда бар растайтын материалдарды тіркеу қажет.

Жаңарту күні: Көру саны:29
  1. Әкімдікке хабарласу (әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша)