Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

Жүктеу

Кіріспе

Қазақстанда колледждерде оқу мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен тегін немесе ақылы негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген орындар шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды көздейді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі өңірлер мен экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін ескере отырып айқындалады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бөлінген мамандықтар, колледждер және орындар саны туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары жариялайды.

Тегін оқуға түсу үшін белгіленген талаптарға сәйкес келу және көзделген қабылдау рәсімінен өту қажет.

Оқуға түсу тәртібі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген Қабылдаудың үлгілік қағидаларымен реттеледі.

  1. Кіріспе