Колледжде білім алуға мемлекеттік тапсырысты қалай алуға болады?

Жүктеу

Емтихан күндері

2026 жылы түсу емтихандарын өткізу мерзімдері мен тәртібі

Колледждердің жекелеген мамандықтарына түсу үшін арнайы, шығармашылық емтихандар, әңгімелесулер және психометриялық тестілеу өткізіледі.

Педагогикалық мамандықтар

Оқуға түсушілер кәсіби жарамдылығын анықтау үшін арнайы түсу емтихандарынан өтеді.

Медициналық мамандықтар

Психометриялық тестілеу көзделген, оның нәтижелері «Рұқсат берілді» немесе «Рұқсат берілмеді» нысанында бағаланады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар және тиісті бейіндегі медициналық мамандыққа түсетін тұлғалар үшін эссе түрінде арнайы емтихан көзделген.

Шығармашылық мамандықтар

Оқуға түсушілер таңдаған даярлық бағыты бойынша шығармашылық емтихандар тапсырады.

Өткізу мерзімдері:

  • 2026 жылғы 21–28 шілде аралығында — негізгі орта және жалпы орта білім негізінде оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар.

  • 2026 жылғы 15 тамызға дейін — педагогикалық және медициналық мамандықтарға түсушілер үшін арнайы емтихандар мен психометриялық тестілеу.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін жекелеген мамандықтар бойынша ағылшын тілін меңгерудің базалық деңгейін анықтау үшін қосымша әңгімелесу өткізіледі.

Түсу емтихандарының нақты күндері, өткізілетін орны мен тәртібі туралы ақпаратты колледждің қабылдау комиссиясы ұсынады.

Жаңарту күні: Көру саны:183
  1. Емтихан күндері