Орталықтардың негізгі міндеттері қандай?

Инструкция

Орталықтардың міндеттері:

  • мемлекеттік отбасы саясатының шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыру;
  • мемлекеттiк органдардың өз құзыретi шегiнде, оның iшiнде интеграцияланған модель арқылы өмiрлiк қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасына) қолдау көрсету бойынша жұмысты үйлестiру;
  • қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасына) әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесу;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсету;
  • мемлекеттік отбасы саясатының бағыттары мен шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, еріктілермен және консультативтік-кеңесші органдармен мемлекеттік отбасы саясатын іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау және т.б.
Дата обновления - 07.11.2025
Справочная информация
Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
37