Тұтастай алғанда, түпкілікті тұтынушы (халық) үшін электр энергиясын өткізу бағасы электр энергиясын бірыңғай сатып алушы бағасының құнынан, энергия беруші ұйымдардың желілері бойынша электр энергиясын беруге арналған тарифтен тұрады. Айта кету керек, энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тек бір сатып алушыға немесе тұтынушылар тобына сатуды жүзеге асырады. Бұл ретте, Министрлік жеті жылдық кезеңге арналған энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша электр энергиясына шекті тарифті бекітеді.
Өз кезегінде, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар кәсіпорындарға тәуелді емес электр энергиясын өндіруге арналған шығындар (шикізатқа, отынға және жалақыға арналған шығындар) ұлғайған жағдайда электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифті түзетуге өтініш жасауға құқылы.
Реттелетін коммуналдық қызметтерге тарифтер мен бағаларды белгілеуді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өткен жөн табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – ТМРК) жүзеге асырады. Осыған байланысты, коммуналдық қызметтердің тарифтер мәселесі бойынша ТМРК жүгінуді ұсынамыз.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес коммуналдық қызметтердің бір бөлігін төлеуге арналған аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсететінін қосымша хабарлаймыз.