Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тұтынушыларды электрмен жабдықтау бөлшек сауда нарығында электрмен жабдықтауға арналған шарт бойынша электр энергиясын сатуды энергиямен жабдықтаушы ұйым жүзеге асырады. Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйым энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге шарт жасасады.
Электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін тұтынушы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға техникалық шарттардың орындалуы және электр қондырғыларына кернеу беруге дайындығы туралы хабарлама (еркін нысанда) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрмен жабдықтау шартын акцептеу туралы өтініш жібереді:
- осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кондоминиумның басқару объектісі органының төрағасы мен тұтынушы арасында жасалған электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмесін кондоминиум құрамындағы тұтынушылар үшін электр энергиясын тұтыну үшін тұрмыстық қажеттіліктер үшін электрмен жабдықтауға шарт жасасатын тұтынушылар ұсынады;
- мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен үзінді көшірме (дара кәсіпкерлер үшін), жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
- ұйымның бірінші басшысын қоспағанда (заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін) жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға құжаттың (бұйрықтың, сенімхаттың, адамның өкілеттігін растайтын құжаттың) көшірмесі;
- банктік деректемелерді (банктің атауы, ағымдағы шоттың№) тек заңды тұлғалар ұсынады;
- жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманың немесе құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі.