Көрсетілетін қызметті беруші тарапынан құқық бұзушылықтар болған жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелеріне шағымданудың қандай тектіктері бар?

Инструкция

Құқық бұзушылық орын алған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы, қызмет көрсетушіге, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттеріне шағым бере алады.

Келесі тәсілдермен шағым бере алады:

  • қызмет көрсетушінің кеңсесіне қағаз жүзінде;
  • e-Otinish.kz порталы;
  • kz порталы — жеке кабинет арқылы «Азаматтардың өтініштері»;
  • Telegram-бот @EgovKzBot2.0 — «Шағым» бөлімі;
  • 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы;
  • және басқа да тәсілдер.

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның 25-бабына сәйкес, қызмет көрсетушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Одан бөлек, егер қызмет алушы көрсетілген нәтижемен келіспесе, мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым беруге құқылы. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымданудың тағы бір тәсілі ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну болып табылады.

Дата обновления - 22.10.2025
Справочная информация
«Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңы
17