Қазақстандағы зейнеткерлерге әлеуметтік көмек: не қолжетімді және оны қалай пайдалануға болады?

Жүктеу

Алматы қаласындағы өңірлік әлеуметтік қолдау шаралары

Алматыда да аз қамтылған зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау бойынша бірқатар шаралар қарастырылған.

Алматыда аз қамтылған зейнеткерлер мен қарттарды әлеуметтік қорғау үшін келесі жергілікті бағдарламалар жұмыс істейді:

Атаулы әлеуметтік көмек / жартыжылдық төлемдер: жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен төмен зейнеткерлерге беріледі (жарты жылда бір рет 7 АЕК мөлшерінде).

Өмірлік қиын жағдайдағы біржолғы көмек( ТЖҚ): жан басына шаққандағы орташа табысы екі еселенген күнкөріс деңгейінен төмен азаматтар үшін 20 АЕК мөлшерінде төлем.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары: тегін әлеуметтік-сауықтыру, психологиялық, білім беру қызметтері (фитнес сабақтары, тілдерді үйрену, компьютерлік сауаттылық).

Осы әлеуметтік көмек түрлерін алу үшін сіз тұрақты тұратын жеріңіз бойынша Алматы ауданы әкімі аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (мекенжайлары www.gov.kz веб-сайтында қолжетімді) келесі құжаттармен бірге өтініш беруіңіз керек:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) жеке тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы ақпарат;
3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын анықтама және/немесе құжат.

Порталда өмірлік жағдайлар ірі қалалардың ерекшеліктерін ескере отырып, мысал ретінде ұсынылған. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және мәселелерді шешу тәртібі өңірге қарай өзгеше болуы мүмкін. Пайдаланушыларға тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті мемлекеттік басқару органына (әкімдікке) жүгіну ұсынылады.

Жаңарту күні: Көру саны:1188
  1. Алматы қаласындағы өңірлік әлеуметтік қолдау шаралары