Су тасқыны кезінде не істеу керек және қайда жүгіну қажет?

Жүктеу

Су тасқынынан зардап шеккендер не істеу керек?

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан мүлкіне залал келтірілген азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны өтеу үшін жүгінуге құқылы.

1-қадам. Өтініш беріңіз

Төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) материалдық залалды өтеу туралы өтініш беру қажет.

Өтінішті жеке өзі немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, цифрлық үкімет веб-порталының мобильді қосымшасы арқылы электрондық нысанда беруге болады.

Өтінішке мыналар қоса беріледі:

  • жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңнамада көзделген электрондық нысандағы құжат;

  • жоғалған және (немесе) бүлінген мүліктің тізбесі.

Егер жеке басты куәландыратын құжат төтенше жағдай салдарынан жоғалса, ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлікті ұсынуға жол беріледі.

2-қадам. Өтінішті тіркеу және қарау

Жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркейді және зардап шеккен адамға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Өтініш құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады.

3-қадам. Келтірілген залалды бағалау

Өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы орган келтірілген залал мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.

Бағалауды ұйымдастыру шығындарын жергілікті атқарушы орган көтереді.

Зардап шеккен адам бағалауды өткізу уақыты мен орнын айқындауға қатысады және бағалаушының есебімен танысады.

4-қадам. Залалды өтеу туралы шешім қабылдау

Материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия қорытынды шығарғаннан кейін жергілікті атқарушы орган 3 жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі тиісті уәкілетті органмен келісу бойынша қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

5-қадам. Өтемақы төлеу

Тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде зардап шеккен адамдарға өтемақы төленеді.

Өтемақы мөлшері келтірілген залалдың сипаты мен заңнамада белгіленген шарттар ескеріле отырып, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес айқындалады.

Жаңарту күні: Көру саны:88
  1. Су тасқынынан зардап шеккендер не істеу керек?