Қазақстанда QR коды арқылы дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

Жүктеу

Кіріспе

Қазақстанда пациенттер eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы QR-кодты пайдалана отырып, электрондық рецепт бойынша тегін дәрілік заттарды ала алады.

Сервис тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық дәрілік заттармен қамтамасыз ету кезінде қолданылады.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ақпараттық жүйесінде электрондық рецепт ресімделгеннен кейін пациент QR-коды бар электрондық ваучерді алып, оны тағайындалған дәрілік заттарды алу кезінде көрсете алады.

Сервис Қазақстанның барлық өңірлерінде енгізілген. Нақты медициналық ұйымда дәрілік препараттарды алу мүмкіндігін қызмет көрсетілетін жер бойынша нақтылау қажет.

  1. Кіріспе