Шетелдіктер Қазақстанда қандай медициналық көмек ала алады?

Жүктеу

Кіріспе

Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, босқындарға және пана іздеп жүрген адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі олардың құқықтық мәртебесіне, елде болу шарттарына және медициналық сақтандыруының болуына байланысты.

Медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС), жүктелген медициналық сақтандыру (ЖМС) шеңберінде немесе ақылы негізде көрсетілуі мүмкін.

Бұл материалда тегін медициналық көмек кімдерге қолжетімді екені, МӘМС жүйесіне кімдер қатыса алатыны, медициналық қызметтерді алу құқығын қалай растауға және емханаға қалай тіркелуге болатыны түсіндіріледі.

  1. Кіріспе