Баланың шетелде тууын тіркеу үшін ата-аналар не істеу керек?
Әке болуды анықтауға байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін қажетті құжаттар:
Шетелде жүрген және қазақстандық неке туралы куәлігі бар қазақстандықтар туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей шетелде баласын жазбаша немесе онлайн түрде тіркей алады.
Қандай құжаттар қажет?
Шетелдік мекемеге хабарласқанда:
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-анасының еркін нысанда жасалған жазбаша түсіндірме хаты қосымша табыс етіледі.
Назар аударыңыз:
Шет мемлекеттiң құзыреттi мекемесi немесе арнайы уәкiлеттi тұлға берген немесе куәландырылған, өз құзыретi шегiнде және белгiленген нысанда бойынша шет мемлекеттiң елтаңбалық мөрiмен расталған құжаттар арнайы куәландыру (заңдастыру не апостиль қою ) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді.)
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Баланың тууын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.
Электрондық үкімет порталында тіркелу үшін қандай құжаттар қажет?
Порталға (ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және қазақстандық неке туралы куәлігі бар баланың тууын тіркеу кезінде):
Өтінішті қабылдау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ туу туралы куәлікті алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама «жеке кабинетке» жіберіледі.
Баланың тууын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі шетелдегі мекемеге өтініш берген кезде 5 жұмыс күнін, портал арқылы өтініш берген кезде 3 жұмыс күнін құрайды.
Егер туылған баланың ата-анасы бала туған кезде бір-бірімен некеде тұрмаса , баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен бір мезгілде баланың ата-анасының акт жазбасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірлескен өтініші беріледі. толтырудың дұрыстығы және оған қоса берілетін құжаттар тексерілуге жататын әке болуды анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы (2-қосымша).