Шетелде жүрген және қазақстандық неке туралы куәлігі бар қазақстандықтар туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей шетелде баласын жазбаша немесе онлайн түрде тіркей алады.
Қандай құжаттар қажет?
Шетелдік мекемеге хабарласқанда:
Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-анасының еркін нысанда жасалған жазбаша түсіндірме хаты қосымша табыс етіледі.
Назар аударыңыз:
Шет мемлекеттiң құзыреттi мекемесi немесе арнайы уәкiлеттi тұлға берген немесе куәландырылған, өз құзыретi шегiнде және белгiленген нысанда бойынша шет мемлекеттiң елтаңбалық мөрiмен расталған құжаттар арнайы куәландыру (заңдастыру не апостиль қою ) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады. (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді.)
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.
Баланың тууын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды.