ЖК қалай ашуға болады

Введение

Өзіндің шағын бизнесіңізді ашу үшін жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу жеткілікті.

ЖК мәртебесі сізге өз ісімен заңды түрде айналысуға және адал есеп айырысу және салық төлеу шартымен табыс алуға құқық береді.

Жеке кәсіпкер бола отырып, сіз басқа компаниялармен және ұйымдармен заңды түрде ынтымақтасуға және серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік аласыз. Сонымен қатар, әлеуетті клиенттер ресми тіркелген кәсіпкерлерге көбірек сенуге бейім болып келеді.

Бұл материалда ЖК тіркеу шарттары, салық салу және ЖК онлайн-тіркеу режимі туралы ақпарат жинақталған.

Жеке кәсіпкерді тіркеу

ЖК ретінде тіркелу үшін сізге салық органына жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама ұсына отырып, кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлау жеткілікті. Хабарламаны келесі тәсілдермен ұсынуға болады:

- электрондық-Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау e-license порталы арқылы;

- қызметтер көрсету орталықтары немесе "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясына келіп, құжаттарды қағаз нұсқада тапсыру;

- Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы;

- "E-Salyq business" мобильді қосымшасы арқылы.

Хабарлама беру қызметі тегін көрсетіледі. Салық органы бір жұмыс күні ішінде ЖК тіркейді.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Армения Республикасының азаматтары жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра алатынына назар аударамыз.

ЖК ретінде онлайн тіркелу.

Кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу үшін elicense.kz. электрондық лицензиялау порталында тіркеуден өту қажет  Ол үшін ЭЦҚ алу қажет.  Тіркелгеннен кейін қызмет көрсетілетін бетке өтіңіз.

{ "service_link": "https://elicense.kz/LicensingContent/ServicesList?scode=2016.%D0%9C%D0%A4.%D0%A33", "id": 3886, "source_id": 3886, "title": "Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама" }

Қызмет бетінде "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу қажет, содан кейін сізге лицензиарды, яғни сіз бекітілетін салық органын таңдау ұсынылады. Содан кейін ЖК атауы, мекенжайы, қызмет түрі (ЭҚЖЖ) туралы мәліметтерді көрсете отырып, өтінішті толтырыңыз және салық режимдерінің бірін таңдаңыз. Әрі қарай өз ЭЦҚ-ңыздың көмегімен өтінішке қол қойыңыз. Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте "Менің өтінішім" бөлімінде қадағалауға болады. Рұқсат алу туралы "Менің рұқсат беру құжаттарым" бөлімінен, хабарлама алу туралы – "Менің хабарламаларым"бөлімінен біле аласыз. ЖК электронды түрде тіркеу процедурасы осылай жасалады.

ЖК тіркеу шарттары

Жеке кәсіпкерлік жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлік оған тиесілі мүлік базасында жеке тұлғаның өзімен жүзеге асады. Бірлескен кәсіпкерлік оларға ортақ меншік құқығында тиесілі мүлік негізінде жеке кәсіпкерлер тобымен жүзеге асырылады.

Сізге жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек, егер:

  • тұрақты негізде жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланасаңыз;
  • 12 есе ең төменгі жалақы мөлшерінен асатын мөлшердегі жылдық табысы болғанда, яғни 12 х 85 000 = 1 020 000 тг (2024 жылы ЕТЖ – 85 000 тг).

Болмаған жағдайда, сіздің қызметіңіз заңсыз болып саналады және бұл үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелуі мүмкін.

ЖК үшін салық салу режимдері: арнаулы салық режимдер

Салық кодексінде мынадай арнаулы салық режимдері көзделген:

Патент негізіндегі АСР табысы күнтізбелік жыл ішінде 3 528 АЕК - тен аспайтын, қызметін жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асыратын қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын, сондай-ақ қызметтің 32 түрінің біреуін немесе бірнешеуін (такси қызметін, жалға беруді және т.б.) жүзеге асыратын ЖК қолдануға құқылы. ЖТС мөлшерлемесі салық кезеңінде алынған табысқа 1% құрайды. Салық есептілігін бір айдан бір жылға дейін ұсыну мүмкіндігі көзделген.

Арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР жеке кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, сондай - ақ 32 Қызмет түрінің біреуін немесе бірнешеуін (такси қызметін, жалға беруді және т.б.) жүзеге асыратын, кірісі күнтізбелік жыл ішінде 3 528 АЕК-тен аспайтын ЖК-ны қолдануға құқылы. і салық кезеңінде алынған табыс бойынша  ЖТС мөлшерлемесі 1% құрайды. Салық есептілігі тапсырылмайды ЖТС және әлеуметтік төлемдер сомасын есептеу арнайы мобильдік қосымша арқылы ай сайын,  есепті айдың15-інен кешіктірмей төленеді және есепті айдың  25-інен кешіктірмей төленуі тиіс.

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР. Осы АСР салық кезеңі ішінде қызметкерлерінің орташа тізімдік саны 30 адамнан аспайтын, салық кезеңі үшін табысы 24 038 АЕК - тен аспайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы. ЖТС/КТС мөлшерлемесі табыстың 3% - ын құрайды (шығыстарды есепке алмағанда). Салық есептілігі жарты жылда 1 рет ұсынылады.

Тіркелген шегерім пайдаланылатын АСР. Салық төлеушілер үшін салық кезеңінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайтын болуы керек.  Салық кезеңіндегі табыс 144 184 АЕК - тен аспуы тиіс. ЖТС/КТС мөлшерлемесі табыстың 10% - ын құрайды (шегерімдерді шегергенде, құжаттық растаумен).

Бөлшек салық АСР қолданатын субъектілер айналым мөлшеріне қарамастан әлеуметтік салық және ҚҚС төлеушілер болып табылмайды.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 696-3-бабының 4-тармағына сәйкес, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші объектіге қолдану жолымен дербес жүргізеді есепті салық кезеңі үшін салық салу мөлшеріндегі мөлшерлемелер:

Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде салық кезеңі үшін алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %;

Корпоративтік немесе жеке табыс салығын (бұдан әрі – КТС/ЖТС) есептеу үшін шегерімдерге арналған шығыстардың сомаларын жатқызу бойынша Салық кодексінің 242-бабы 3-2-тармағының нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша 8%.

Осылайша, егер бөлшек салық ставкасын қолданатын салық төлеуші сатып алушыға шығыстарды шегерімге жатқызуды растау мақсатында электрондық шот-фактураны жазып берсе, мұндай табысқа 8% мөлшерінде КТС/ЖТС ставкасын қолдана отырып салық салынады.

Қалған жағдайларда шот-фактураны жазып беру кезінде (Сатып алушының шегерімдерге арналған шығыстарды растау мақсатында емес) мұндай табысқа 4% мөлшерінде КТС/ЖТС ставкасын қолдана отырып салық салынуға тиіс.

Аграрлық сектор үшін Салық кодексінде мынадай арнаулы салық режимдері бар:

Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған АСР (бірыңғай жер салығын төлеушілер). Режим ауылшаруашылық қызметіне қолданылады. Бірыңғай жер салығы (БЖН) есебі ауыл шаруашылығы қызметінен алынған табысқа 0,5 пайыз мөлшерлемені қолдану арқылы жүргізіледі.

Режимді қолдану үшін жер учаскесінің ауданының шекарасы белгіленген. Режим қолданылатын  БСН төлеушілер ЖТС төлеушілер болып табылмайды (төлем көзінен ұсталатын ЖТС-ты қоспағанда), ҚҚС айналымынан, жер салығынан және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемнен, көлік салығынан, мүлік салығынан, әлеуметтік салықтан және қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдер.  Бөлек есепке алуды жүргізе отырып, қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етілді. 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған АСР. Осы режимді қолданатын салық төлеушілерге есептелген сомаларға 70% жеңілдікті қолдану құқығы берілген: ЖТС/КТС, төлем көзінен ұсталатын салықтардан, әлеуметтік салықтан, мүлік салығынан және көлік салығынан басқа. ҚҚС есептелген сомаларының 70% - ға азаюы бойынша лот ҚҚС бойынша қосымша есепке алу түрінде ынталандырудың баламалы шарасына ауыстырылды. Шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқтұлғалардың бұл режимді қолдануға құқығы жоқ.

ЖК үшін салық салу режимдері: Жалпы белгіленген режим

Салық салудың бірнеше режимі бар, олардың біреуін таңдағаннан кейін жеке кәсіпкер тіркеледі. Олардың негізгілерін атап өтейік:

  • салық салудың жалпыға белгіленген режимі;
  • шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдері (бұдан әрі - ШБС үшін АСР)

Салық түрлері

Салықты есептеу

Төлеу мерзімі

Жеке табыс салығы

(бұдан әрі - ЖТС)

10 % мөлшерлеме бойынша

(Енгізу туралы заңның 33-бабының редакциясында Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағы ).

Салық кезеңінің қорытындылары бойынша ЖТС төлеу ЖТС бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі

(Енгізу туралы Заңның 33-бабының редакциясында Салық кодексінің 362-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).

 

Қызметкерлер үшін ЖТС төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей ай сайын жүргізіледі

Әлеуметтік салық

ЖК ЖБР әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

(Салық Кодексінің 485-бабының 2-тармағы).

Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салықтық кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

(Салық Кодексінің 487-бабының 1-тармағы).

Қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) (егер ҚҚС төлеуші болып табылса)

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

 

Осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.

(Салық Кодексінің 422-бабының 1, 2-тармақтары).

Әрбір салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын ҚҚС, сондай-ақ резидент емес үшін есептелген ҚҚС сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуі тиіс.

 

Бұл ретте импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасын төлеу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде жүргізіледі

(Салық Кодексінің 425-бабының 1), 2) тармақшалары).

Жер салығы

Жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді(Салық Кодексінің 511-бабының 4-тармағы).

 

Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.

(Салық кодексінің 512-бабының 1-тармағы).

ЖБР ЖК  салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

 

 ЖБР ЖК  салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.

(Салық кодексінің 512-бабының 4, 8-тармақтары).

Мүлік салығын

 салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді

(Салық кодексінің 521-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы)

 ЖБР ЖК  салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.

 

ЖБР ЖК   мүлік салығын есептеу жөніндегі түпкілікті есеп-қисапты жүргізеді және салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

(Салық кодексінің 522-бабының 7, 11-тармақтары).

ЖБР ЖК  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей,  мемлекеттік кіріс органдарына жеке табыс салығы бойынша жылдық декларация (220.00-нысан) тапсырады

Сонымен қатар, қызметкерлердің есептелген кірістері, сондай-ақ қызметкерлер мен ЖК үшін есептелген салықтарды ЖБР ЖК  ЖТС және әлеуметтік салық бойынша тоқсан сайын декларация (200.00-нысан) тапсырады.

Бұл ретте ЖБР ЖК  қызметкерлер үшін және өзі үшін (өз пайдасына) ай сайын ЖТС есептейді, ұстайп қалады және төлейді.

 ЖБР ЖК әлеуметтік салығы есептелген жалақы сомасынан емес, қызметкерлер санына қарай есептеледі және әлеуметтік салықты төлеу ЖБР ЖК қаражаты есебінен төленеді.

Бюджетке төленетін әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен Әлеуметтік кодекске сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төленуі тиіс әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған жағдайда,Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ЖБР ЖК егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір салық кезеңі үшін орналасқан жері бойынша салық органына ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тапсыруға міндетті.

Қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру міндеттемесі ҚҚС есебіне тіркелмеген Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.

Салық салу объектілері болған кезде мүлік салығы мен жер салығы бойынша салықтық есептілік: жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.01-нысан) және көлік құралдары салығы бойынша, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан) тапсырылады.

ЖБР ЖК жер учаскелері бойынша және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) мүлікке салық салу объектілері бойынша жер учаскелері мен салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына келесілерді ұсынады:

-  701.01 нысаны бойынша салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады..

Бұл ретте Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:

ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде - ағымдағы төлемдердің есепбін;

 ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, осындай төлемдердің қосымша есеп-қисабын – салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады.

Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.

 Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

- есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей декларациялауды.