ЖК үшін салық салу режимдері: Жалпы белгіленген режим

Инструкция

Салық салудың бірнеше режимі бар, олардың біреуін таңдағаннан кейін жеке кәсіпкер тіркеледі. Олардың негізгілерін атап өтейік:

  • салық салудың жалпыға белгіленген режимі;
  • шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдері (бұдан әрі - ШБС үшін АСР)

Салық түрлері

Салықты есептеу

Төлеу мерзімі

Жеке табыс салығы

(бұдан әрі - ЖТС)

10 % мөлшерлеме бойынша

(Енгізу туралы заңның 33-бабының редакциясында Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағы ).

Салық кезеңінің қорытындылары бойынша ЖТС төлеу ЖТС бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі

(Енгізу туралы Заңның 33-бабының редакциясында Салық кодексінің 362-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы).

 

Қызметкерлер үшін ЖТС төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей ай сайын жүргізіледі

Әлеуметтік салық

ЖК ЖБР әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

(Салық Кодексінің 485-бабының 2-тармағы).

Әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салықтық кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрілмей жүргiзiледi.

(Салық Кодексінің 487-бабының 1-тармағы).

Қосылған құн салығы (бұдан әрі-ҚҚС) (егер ҚҚС төлеуші болып табылса)

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.

 

Осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.

(Салық Кодексінің 422-бабының 1, 2-тармақтары).

Әрбір салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын ҚҚС, сондай-ақ резидент емес үшін есептелген ҚҚС сомасы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленуі тиіс.

 

Бұл ретте импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС сомасын төлеу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде жүргізіледі

(Салық Кодексінің 425-бабының 1), 2) тармақшалары).

Жер салығы

Жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді(Салық Кодексінің 511-бабының 4-тармағы).

 

Салық төлеушілер жер салығының сомаларын салықтық базаға тиiстi салық мөлшерлемесін қолдану арқылы өз бетінше есептейдi.

(Салық кодексінің 512-бабының 1-тармағы).

ЖБР ЖК  салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

 

 ЖБР ЖК  салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей түпкілікті есеп айырысуды жүргiзеді және жер салығын төлейдi.

(Салық кодексінің 512-бабының 4, 8-тармақтары).

Мүлік салығын

 салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді

(Салық кодексінің 521-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы)

 ЖБР ЖК  салықтық кезеңнің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, тең үлестермен төлейді.

 

ЖБР ЖК   мүлік салығын есептеу жөніндегі түпкілікті есеп-қисапты жүргізеді және салықтық кезең үшін декларация тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей төлейді.

(Салық кодексінің 522-бабының 7, 11-тармақтары).

ЖБР ЖК  "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей,  мемлекеттік кіріс органдарына жеке табыс салығы бойынша жылдық декларация (220.00-нысан) тапсырады

Сонымен қатар, қызметкерлердің есептелген кірістері, сондай-ақ қызметкерлер мен ЖК үшін есептелген салықтарды ЖБР ЖК  ЖТС және әлеуметтік салық бойынша тоқсан сайын декларация (200.00-нысан) тапсырады.

Бұл ретте ЖБР ЖК  қызметкерлер үшін және өзі үшін (өз пайдасына) ай сайын ЖТС есептейді, ұстайп қалады және төлейді.

 ЖБР ЖК әлеуметтік салығы есептелген жалақы сомасынан емес, қызметкерлер санына қарай есептеледі және әлеуметтік салықты төлеу ЖБР ЖК қаражаты есебінен төленеді.

Бюджетке төленетін әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен Әлеуметтік кодекске сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен немесе олардың сомалары тең болған кезде бюджетке төленуі тиіс әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылған жағдайда,Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ЖБР ЖК егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, әрбір салық кезеңі үшін орналасқан жері бойынша салық органына ҚҚС бойынша декларацияны (300.00-нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тапсыруға міндетті.

Қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру міндеттемесі ҚҚС есебіне тіркелмеген Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға қолданылмайды.

Салық салу объектілері болған кезде мүлік салығы мен жер салығы бойынша салықтық есептілік: жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебі (701.01-нысан) және көлік құралдары салығы бойынша, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация (700.00-нысан) тапсырылады.

ЖБР ЖК жер учаскелері бойынша және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдалануға жататын) мүлікке салық салу объектілері бойынша жер учаскелері мен салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына келесілерді ұсынады:

-  701.01 нысаны бойынша салық кезеңінің басындағы жағдай бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей салық бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынады..

Бұл ретте Салық төлеуші ағымдағы төлемдерді кезекті (салықтық кезең ішінде) төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде:

ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін туындағандарды қоспағанда, салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері туындаған кезде - ағымдағы төлемдердің есепбін;

 ағымдағы төлемдердің мөлшерлерін тиісті түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөле отырып, осындай төлемдердің қосымша есеп-қисабын – салықтық кезең ішінде жер салығы бойынша салықтық міндеттемелер өзгерген кезде ұсынады.

Бұл ретте ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы немесе ағымдағы төлемдердің қосымша есеп-қисабы ағымдағы төлемдерді төлеудің кезекті мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша, салықтық міндеттемелер туындаған немесе өзгертілген объектілер бойынша ұсынылады.

 Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салықтық міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды.

- есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей декларациялауды.

Дата обновления - 11.03.2024
Справочная информация
Салық кодексіЕң төменгі есептік көрсеткіштер (АЕК, ЕТЖ)ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
11714