Қалай нотариус болуға болады

Жүктеу

Қалай нотариалдық қызметпен айналасуға тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады

1. Тағылымдамадан өту

Тағылымдамадан өту үшін тұрғылықты жері бойынша нотариаттық палатаға жүгіну қажет.

Тағылымдама нотариаттық қызмет өтілі кемінде 5 жыл болатын нотариустың жетекшілігімен өткізіледі.

Тағылымдаманың ұзақтығы кемінде 1 жылды құрайды.

Тағылымдамадан өту тәртібі, даярлау бағдарламасы және ақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және тағылымдаманы ұйымдастыруды реттейтін құжаттармен айқындалады.

Адамдардың жекелеген санаттары үшін тағылымдамадан өтуден босату көзделген.

2. Аттестаттауға өтініш беру

Тағылымдамадан өткеннен кейін нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін өтініш беру қажет.

Ол үшін:

  1. eGov.kz немесе eLicense.kz цифрлық үкімет веб-порталында авторизациядан өтіңіз.

  2. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.

  3. Аттестаттауға жіберу туралы электрондық өтінішті толтырыңыз.

  4. Аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысанын толтырыңыз.

  5. Өтінішке электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қойыңыз.

  6. Өтініштің мәртебесі мен хабарламаларды жеке кабинетіңізден қадағалаңыз.

Қажетті құжаттар мен мәліметтер:

  • белгіленген нысан бойынша электрондық өтініш;

  • аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны.

Жеке куәлік және тиісті медициналық есепте тұру туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.

Қызмет құны: тегін.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні.

3. Аттестаттаудан өту

Аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін және практикалық дағдыларды тексеруді қамтитын кешенді компьютерлік тестілеу нысанында өткізіледі.

Тестілеу үміткердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі.

Нәтижелері бойынша аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылданады.

Аттестаттаудан өткені туралы оң шешім қабылданған сәттен бастап 3 жыл бойы жарамды.

Заңнамада адамдардың жекелеген санаттары үшін аттестаттаудан босату көзделген.

 
Жаңарту күні: Көру саны:4871
  1. Қалай нотариалдық қызметпен айналасуға тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады