Некені бұзу – ерлі-зайыптылардың екеуіне де күрделі процесс. Бұдан басқа, жан күйзелісімен күресе отырып, барлық қағаздарды да дұрыс рәсімдеу қажет.
Ажырасу кезінде құжаттарды ресімдеу рәсімі белгілі бір жағдайларға байланысты ерекшеленеді.
Бұл мақалада біз некені бұзу үшін шарттарын, іс-қимыл тәртібін және қажетті құжаттар тізімін барынша қарапайым және ақпараттық тұрғыдатүсіндіруге тырысамыз, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз.
Егер cіз некені бұзу туралы куәлікті жоғалтып алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға сұрау салуға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) немесе онлайн-қызмет арқылы электрондық өтінім беру қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-та (ХҚКО) қажетті құжаттар:
Онлайн-қызмет 2008 жылғы 1 маусымынан кейін некеге тұрған адамдар үшін қолжетімді.
Некені бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексімен реттеледі.
Ажырасу рәсімделетін кезде үш жағдай бар:
Егер азаматтың тұрғылықты жерінде 1 жыл ішінде ол туралы мәліметтер болмаса, ол сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылуы мүмкін (ескерту).
Жүкті болу кезеңінде, сондай-ақ бала өмірінің бірінші жылы ішінде жұбайының келісімінсіз некені бұзу мүмкін емес.
Егер сіз некені бұзғыңыз келсе, екі жол бар – АХАТ арқылы немесе сот арқылы. Екі жағдайда да сіз онлайн өтініш бере аласыз, бұл туралы келесі қадамдарда толығырақ айтылған.
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ, олардың арасында өзара наразылықтар жоқ, оның ішінде мүлікке де қатысты жоқ болғанда, олар АХАТ-қа жүгіну қажет.
Қажетті құжаттар:
Егер жоғарыда көрсетілген барлық шарттар сақталса, онда ажырасуға өтінішті онлайн режимінде, gov.kz порталының электрондық қызметі арқылы беруге болады.
Егер сіз шетелде болсаңыз, онда мына онлайн-қызметті пайдаланыңыз.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі сотпен хабарсыз кетті, іс-әрекет қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілетсіз деп танылса, не кемінде 3 жыл мерзімге сотталса, неке АХАТ-да бұзылады.
Қажетті құжаттар:
Егер жоғарыда көрсетілген барлық шарттар сақталса, онда ажырасуға өтінішті онлайн режимінде, Gov.kz порталының электрондық қызметі арқылы беруге болады.
Егер сіз некеге отырғанда тегіңізді өзгертсеңіз, сіз некені бұзу туралы өтініште тегі сақталатынын немесе өзгертілетіндігін көрсетуіңіз керек.
Некені сот арқылы бұзу төмендегі жағдайда жүзеге асады:
Егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болса және өзара мүліктік талаптар болмаса, сот себепті анықтамай-ақ некені бұзуы мүмкін, егер:
Некені бұзу туралы шешім шығарған кезде сотпен қаралатын мәселелер:
Қажетті құжаттар:
Егер кәмелетке толмаған балалар болса, 2 құжат қажет:
Алимент өндіріп алумен ажырасқан кезде 2 құжат қажет:
Сондай-ақ сот жағдайға байланысты қосымша құжаттарды талап ете алады:
Егер күйеуі немесе әйелі сот процесіне қатыса алмаса немесе қатысқысы келмесе (кез келген себеп бойынша) және егер оның мүдделерін үшінші тұлға білдірсе, қосымша нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі.
Құжаттар сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе, егер тұрғылықты жері белгісіз болса, оның мүлкінің орналасқан жері бойынша беріледі. Егер арыз беруші денсаулық жағдайы бойынша немесе онымен жас бала тұратын болса, жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сот отырысына қатыса алмаса, арыз беруші өзінің тұрғылықты жері бойынша арыз өтінішін бере алады,.
Сотқа арыз берген кезде өтініш беруші мемлекеттік баж салығын 0,3 АЕК мөлшерінде төлеуге тиіс. Мүлікті бөлген жағдайда мемлекеттік баж арыз сомасының 1% - ын құрайды.
Ажырасуға өтінішті онлайн режимінде порталдың электрондық қызметі арқылы беруге болады eGov.kz ескерту.
АХАТ арқылы некені бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
Егер сот шешімімен сіздің жұбайыңыз хабар-ошарсыз кетті деп танылса, іс-әрекетке қабілетсіз немесе кемінде үш жыл мерзімге сотталған болса, ажырасу мерзімі 45 күнтізбелік күнді құрайды.
Ерлі-зайыптылар ажырасу туралы өтінішті сотқа берген күннен бастап 1 ай өткеннен кейін неке сот тәртібімен бұзылады.
Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ажырасуға келіспесе, онда сот істі қарауды кейінге қалдыруға және оларға татуласу үшін алты ай мерзім тағайындауға құқылы. Неке ешқандай нәтиже әкелмегендіктен бұзылады.
Некені бұзу туралы куәлік некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына беріледі, яғни АХАТ-та.
Егер сізге куәлік емес, неке бұзу туралы анықтама керек болса, онда оны онлайн алуға болады, егер неке 2008 жылғы 1 маусымнан кейін бұзылған сболса. Оны алу үшін сізге 0,3 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төлеу қажет болады.