Неке бұзу үшін шарттар

Инструкция

Некені бұзу тәртібі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексімен реттеледі.

Ажырасу рәсімделетін кезде үш жағдай бар:

  • ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша;
  • сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының (зайыбының) қорғаншысының өтініші бойынша;
  • ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткен деп танылуы салдарынан.

Егер азаматтың тұрғылықты жерінде 1 жыл ішінде ол туралы мәліметтер болмаса, ол сот тәртібімен хабарсыз кетті деп танылуы мүмкін (ескерту).

Жүкті болу кезеңінде, сондай-ақ бала өмірінің бірінші жылы ішінде жұбайының келісімінсіз некені бұзу мүмкін емес.

Егер сіз некені бұзғыңыз келсе, екі жол бар – АХАТ арқылы немесе сот арқылы. Екі жағдайда да сіз онлайн өтініш бере аласыз, бұл туралы келесі қадамдарда толығырақ айтылған.

Дата обновления - 24.05.2023
Справочная информация
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі»
12791