Ерлі-зайыптылардың біреуі келіспеген/жалтарған кезде не оларда кәмелетке толмаған балалары болған кезде ажырасу

Инструкция

Некені сот арқылы бұзу төмендегі жағдайда жүзеге асады:

  • егер ерлі-зайыптылардың біреуі сотпен хабарсыз кеткен, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілеті жоқ деп танылан, не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған жағдайлардан басқа, ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары бар болса;
  • ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға келіспеген жағдайда;
  • егер ерлі-зайыптылардың бірі ажырасудан бас тартса;
  • егер ерлі-зайыптыларда бір-біріне мүліктік немесе басқа да талаптары болса.

Егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болса және өзара мүліктік талаптар болмаса, сот себепті анықтамай-ақ некені бұзуы мүмкін, егер:

  • ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе;
  • олардың бірі ажырасудан бас тартса.

Некені бұзу туралы шешім шығарған кезде сотпен қаралатын мәселелер:

  • ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұрады;
  • балаларды асырауға ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде алимент төлейді;
  • кәмелетке толмаған балалардың және ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі мүлікті бөлу;
  • алиментті алуға құқығы бар жұбайының талабы бойынша алимент мөлшерін анықтау.

Қажетті құжаттар:

Егер кәмелетке толмаған балалар болса, 2 құжат қажет:

  • неке туралы куәліктің түпнұсқасы;
  • балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

Алимент өндіріп алумен ажырасқан кезде 2 құжат қажет:

  • неке туралы куәліктің түпнұсқасы;
  • балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері.

Сондай-ақ сот жағдайға байланысты қосымша құжаттарды талап ете алады:

  • оның жұмысы мен табысы туралы анықтама (алименттерді өндіріп алу үшін);
  • мүлікке құқықты куәландыратын құжаттар-оны бөлу кезінде(мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, сатып алуды дәлелдейтін құжаттар, чектер, кепілдік талондар және т. б.).

Егер күйеуі немесе әйелі сот процесіне қатыса алмаса немесе қатысқысы келмесе (кез келген себеп бойынша) және егер оның мүдделерін үшінші тұлға білдірсе, қосымша нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі.

Құжаттар сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша немесе, егер тұрғылықты жері белгісіз болса, оның мүлкінің орналасқан жері бойынша беріледі. Егер арыз беруші денсаулық жағдайы бойынша немесе онымен жас бала тұратын болса, жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сот отырысына қатыса алмаса, арыз беруші өзінің тұрғылықты жері бойынша арыз өтінішін бере алады,.

Сотқа арыз берген кезде өтініш беруші мемлекеттік баж салығын 0,3 АЕК мөлшерінде төлеуге тиіс. Мүлікті бөлген жағдайда мемлекеттік баж арыз сомасының 1% - ын құрайды.

Ажырасуға өтінішті онлайн режимінде порталдың электрондық қызметі арқылы беруге болады eGov.kz ескерту.

{ "service_link": "https://egov.kz/wps/myportal/P2.16", "service_code": "P2.16", "id": 3193, "source_id": 3193, "title": "Некені бұзуды тіркеуге электрондық өтініш беру" }

 

Дата обновления - 24.05.2023
Справочная информация
Жергілікті соттардың байланыстарыАХАТ (АХАЖ) бөлімдерінің байланыстары
9513